А. Амангелді, С. Симбаева


Біріккен Ұлттардың Білім, ғылым және мәдениет мәселелері



Pdf көрінісі
бет60/174
Дата13.09.2022
өлшемі1,92 Mb.
#149369
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   174
Байланысты:
Амангелди-Сембинова-готовая-к-печати

Біріккен Ұлттардың Білім, ғылым және мәдениет мәселелері 
жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО)
– БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі. 
ЮНЕСКО-ның қызметінің ауқымы көптеген мәселелерді қамтиды, олар: 
сауатсыздыққа қарсы күрес; білімді қаржыландыру мен жоспарлау
дамушы елдерде инженер-техник кадрлар даярлайтын орталықтар құру; 
ғылым саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі 
шаралар; адам құқықтары саласындағы және бейбітшілікті нығайту 
проблемалары жөніндегі зерттеулер; ғарыштық байланысты білім беру 
мақсатына пайдалану. 
Штаб-пәтері Париж қаласында. 
Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (БДС) – 
БҰҰ-ның 
мамандандырылған мекемесі, «барлық халықтардың барынша жоғары 
денсаулық деңгейіне жетуін» көздейді. БДС ауруларға қарсы, оларды жою 
жолындағы күресті ұйымдастырады (мысалы, безгек пен шешекті жою 
жолындағы халықаралық науқан), инфекциялық және басқа да ауруларға 
қарсы күресте дамушы елдерге көмек көрсетеді, карантин және 
эпидемиологиялық бақылау, дәрі-дәрмектің сапасын бақылау, есірткілерді 
бақылау салаларында халықаралық шаралар өткізеді. 
Штаб-пәтері Женева қаласында. 
3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. 
1
БҰҰ-ның басқа қандай мамандандырылған ұйымдарын білесіз? 
2
Олар немен айналысады? 
3
Қазақстанда бұл ұйымдар қандай іс-шаралар ұйымдастырды? 
4-тапсырма. Мәтіндегі етістіктерді талдаңыз (құрамына қарай: 
дара және күрделі, тұлғасына қарай: негізгі және туынды
мағынасына және қызметіне қарай: негізгі және көмекші). 
5-тапсырма. Мына сөздерден етістік жасаңыз: бас, көз, құлақ, қол, 
аяқ, арқа, мойын. Өзіңіз жасаған етістіктермен сөйлем құрастырыңыз. 
6-тапсырма. Көмекші етістіктердің негізгі етістіктегі қимыл 
кезеңдеріне қатысын білдіретін мысалдар келтіріңіз. 
1 Қимылдың басталу кезеңіне, 
2 Қимылдың болып жатқан кезеңіне, 
3 Қимылдың аяқталып жатқан кезеңіне, 
4 Қимылдың созыңқылық кезеңіне, 
5 Қимылдың дүркінділік кезеңіне. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   174




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет