A. Б. Абдуллина мифтік фольклор оқу құралы Ақтөбе, 2014 Пікір жазғандар


Ғұрыптық фольклор мен мифологияның байланысы



бет46/57
Дата28.01.2022
өлшемі391,08 Kb.
#130077
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   57
Байланысты:
Абдуллина Оку куралы Мифтик фольклор

4.1 Ғұрыптық фольклор мен мифологияның байланысы. Қазақ фольклоры – адамзат тарихының, мәдениетінің, өркениетінің негізгі жемісі десек, бұл жемісті кезең өз арнасына үлкен мәселелерді қамтиды. Фольклордан қазақтың сұлу мәдениетін, эстетикалық талғамын, бағдарлы болмыс-бітімін, мінез-құлық пен жеке қабілеттерін көре аламыз. Фольклордың алдында миф бар дейтін болсақ, ал фольклор сол мифті қорытып, эстетикалық-көркемдік тұрғыда өңдеп, жаңа сипатқа ендіріп, «өмірлік айналымға» айналдыратын құбылыс. Өмірлік айналым деп отырғанымыз да – халықтың тіршілігі, тұрмысы, күнделікті кәсібі, арман-тілегі. Осындай халықтық өмірдің болмыстық модельдері фольклордан көрініс табады. Фольклорды – халықтың даналығы, інжу-маржаны дейді. Шынында да, фольклор – халықтың армандаған, қиялынан туындаған мақсат-мұраттың жиынтық бейнесі.

Қазақ фольклорының ішінде ғұрыптық фольклор саласы өте кең дамыған. Өйткені бұл фольклор саласы өз арнасына этнографияны, яғни салт-сана, дәстүр-тағылым, әдет-ғұрыптарды жинақтап қана қоймай, адамның жеке қабілеттерін, топ-қауымның болмыстық нақышын білдіруге бағышталатын философияны жинақтайды.



Жалпы фольклор саласын көркем фольклор, ғұрыптық фольклор деп карайтын болсақ, бүгінгі таңда фольклорды жан-жақты карастырып, олардың түрлі салаларын шығару үлкен маңызға айналды. Мәселен, топонимиялық фольклор, мифофольклор деген салалар қазақ фольклорын жаңа бір қырынан зерттеуге жол ашады. Ғұрыптық фольклор деп отырғанымыз да - өз арнасына этностық болмыс, халықтық түсінік, ұғымдарды жиыстыратын, халықтың сан ғасырлы мақсат-мұратын айқындайтын сала. Ғалым М.Ғабдуллин ғұрыптық фольклор деген ұғымның орнына тұрмыс-салтқа байланысты туған шығармалар деген терминді қолданады [1]. Ал А.Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде бұл саланы «ғұрып сөзі» деп атаса, М.Әуезов өзінің «Әдебиет тарихы» еңбегінде оны «сыршылдық салт өлеңдері» деп атайды. Ал ғұрыптық фольклор саласын арнайы зерттеп, оны бүге-шүгесіне дейін толық талдаған ғалым – Б.Абылқасымов болып табылады. Өз еңбегінде: «Қалыптасқан фольклортанушылық ғылыми жүйе бойынша ғұрып фольклоры мынадай үш саладан тұрады: 1) Отбасының ғұрып фольклоры (семейно-обрядовый фольклор). 2) Маусымдық ғұрып фольклоры (Календарно-обрядовый фольклор). 3) Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры (Заклинательный фольклор)» [2, 11-б.], - деп, ғылыми жіктеме ұсынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет