А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет109/172
Дата02.12.2023
өлшемі1,78 Mb.
#194761
түріБағдарламасы
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   172
Байланысты:
httpstermincom.kzassetspdf3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5.pdf

3. Үгіт өлең.
Ақыл айтқан, жол көрсеткен, жөн сілтеген 
мағыналы өлеңдер үгіт өлең деп аталады. Үгіт өлең табына жа-
тады мынау сияқты өлеңдер:
1. Ай, жігіттер, үлгі алма 
Азған елдің ішінен! 
Алыс-алыс қашыңдар, 
Зияндасты кісіден! 
Жақсыны көзден салмаңдар! 


278
Жақсыдан қапыл қалмаңдар!
Өзі болған ерлердің 
Аяғынан алмаңдар! 
Әр елге, әр жұртқа 
Алтын сақа табылмас.
2. Ай, достарым, жігіттерім, 
Болмасқа болмашы болма!
Қолыңнан келсе, ақыл қайыр
Кісіден алушы болма! 
3) Мақтанба бақсымын деп бағыңызға!
Қартаймақ қиын сауда тағыңызда. 
Іске аспай бақ-дәулеттің қалуы оңай, 
Басыңнан бағың тайған шағыңызда, 
Мақтанба сұлумын деп ажарыңа! 
Ажарсыз адамдарды ал, назарыңа. 
Зылиха Жүсіппенен сұлу өткен, 
Тұрмаған ажар ара ажалына. 
Ағайын жат болады алыс болса, 
Болады жат та жақын таныс болса. 
Достарың, дұшпан түгіл, табалайды, 
Аяғың бір
нәрседен шалыс болса.
5. Үміт өлең.
Біреуден үміттене, бір нәрсе дәме ете айтқан 
ақындардың өлеңдері үміт өлең табына жатады.
Мәселен, мақтау өлең, құттықтау өлең. Ескі ақындар 
мақтауды, құттықтауды, сұрауды кәсіп қылған. Байды, биді, 
ханды, төрені, мырзаны мақтап, тойын бастап, баласын 
құттықтап, шапан кию, ат міну – әйтеуір нәрсе алу мақсатпен 
айтатын ақындар көп болған. Біреулері, мақтасам құр тастамас 
деп, тек мақтап қойған да, біреулері көрсете сұраған. Сұрамай 
мақтаған өлеңнің мысалы – Орынбайдың Ерденді мақтаған 
өлеңі. Мұнда ешбір сұрау ишараты жоқ. Көрсете сұрау Қубала 
ақынның сөзінде бар. Әзілмен де пайда алу мақсатын көрсеткен 
сөз Шерниязда бар. Мысалдар: 
Орынбайдың Ерденді мақтағаны:


279
Ассалаумағалейкум, батыр Ерден, 
Кетіп тұр бақ-дәулетің тағы керден. 
Ішінде мың қарғаның бір бүркіттей 
Көзіме көрінесің келген жерден. 
Сұңқардың екі мұртың жебесіндей, 
Ақылың ұшан дария кемесіндей. 
Сұрасаң биіктігің, мен айтайын, 
Күн шалған Алатаудың төбесіндей.
Қубаланың жалғыз биесі өлгенде ноғай
3
мырзаларынан 
жәрдем сұраған сөзінен: 
Бір Алла, мал мен басқа қаза бердің, 
Күнәма жаяулықпен жаза бердің. 
Сіздерді көп беймаза еткенімнен 
Ұялып, ортаңызға азар келдім. 
Арқама тарыққанда сүйеуім деп, 
Ортаңа бұ қазамды шаға келдім. 
Тыңдаңыз, кіші іні, үлкен аға! 
Алламыз не берсе де жоқты шара! 
Жеңілтіп есебінен жібереді, 
Қалай да қиын екен жалғыз қара. 
Сіздерге менің мұңым қиын емес, 
«Ау» десең, ноғай болып ортаға ала. 
Жатсам да болар еді-ау сұрап хақтан, 
Дұшпанның сөзі болад біздің арттан. 
Ер өлмес жаяулықтан, жан қиналар, 
Бір бие берілмесе қалың халықтан. 
Жарарлық басшылыққа аға, іні бар, 
Қайтемін жабы туса арғымақтан.
Шернияз ақынның Баймағамбет правительдің қыз ұзатқан 
тойын бастаған сөзінде айтқаны бар:
Сөйлемес бөтен қазақ мен тұрғанда, 
Аузымда Тәңірі берген жел тұрғанда. 
Мен кімге сөз сөйле, деп жалынамын, 
Өлеңді айтатұғын мен тұрғанда. 
Бұ тойда не берсе де мен аламын, 
Дәнеңе жоқ шұқанаққа көл тұрғанда.
3
Ноғай деген Бөкейлікте қазақ елі бар (Автор)


280
Сұрқия Кенесары қашаған хан, 
Серғазы талай жасты жасаған хан 
Дәулетін байекемнің айырма деп, 
Тілекті мен тілейін жасағаннан. 
Жарлыны жалғызбенен бір теңгердің, 
Алтынды айналайын босағаңнан! 
Кеңеске келіссіз сөз тек қосайын 
Тап атам Жарылғасқа ұқсағанмын. 
Қарастым тойды жақсы бастады деп, 
Берсең де бір қысырақ қосақ алман.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет