А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет118/172
Дата02.12.2023
өлшемі1,78 Mb.
#194761
түріБағдарламасы
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   172
Байланысты:
httpstermincom.kzassetspdf3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5.pdf

Қалып сөзі.
 
Қалып сөзі деп тұрмыс қалпында болатын іс-
тер сарынымен айтылатын сөздерін айтады.


300
Мәселен, бал ашқанда, ауру басқанда бақсылардың жын 
шақырғанда, тіс емдегенде 
құрт шақыру
, мал бәдік болғанда, 
адамға күлапсан шыққанда бәдік иә 
күлапсан көшіру
, бала тер-
беткенде айтатын 
бесік жыры
– осылардың бәрі қалып сөздің 
табына жатады.
жын шақыру.
Бақсылар жын шақырғанда сарнап, өлең- 
ше ұйқастырып, түрлі сөздер айтады. Алладан, әулиеден әруақ- 
тардан жәрдем тілейді. Жындарының атын атап, соларға сөз 
айтқан болады. Қобызымен серттескен болады. Солардың бәрін 
үйлестіріп, ұйқастырып, әдемі түрде айтады.
М ы с а л д а р:
Әуелі Құдай есімі Алла! 
Іс бастаймын бісміллә! 
Тайғақ кешу, тар жолда, 
Жарылқа, Алла, әр жолда!
Алтын сандық хазірет, 
Сыйынғанда медет ет! 
Әбиір бер әр жерде, 
Айналайын құдірет! 
Исламға пана Мұхаммет, 
Сыйындым сізден бір мезет! 
Су басында Сүлеймен, 
Сізден де медет тілеймін! 
Күн көзінде әулие, 
Жер жүзінде әулие, 
Машырықтағы әулие, 
Мағрыптағы әулие, 
Тауда жүрген әулие, 
Таста жүрген әулие, 
Көлде жүрген әулие, 
Шөлде жүрген әулие, 
Бәріңнен медет тілеймін!
Жаңа келді шара бас, 
Алпыс қойдың терісі 
Бөрік шықпаған шара бас.
Жетпіс қойдың терісі 
Жең шықпаған шара бас. 


301
Тоқсан қойдың терісі 
Тон шықпаған шара бас.
Жаңа келді дәу пері. 
Жаңа келді күн пері, 
Жаңа келді су пері. 
Жаңа келді Ай қожа,
Жаңа келді Күн қожа. 
Ойдан келді ол қожа, 
Қырдан келді ол қожа. 
Айналайын нұр қожа, 
Сол қожаның ішінде 
Әсіресе бір қожа.
Жаңа келді қолаң шаш, 
Екі иінімнен мықтап бас! 
Жаңа келді Теңгетай, 
Жаңа келді Жирентай. 
Перілердің бәрі де 
Үстіне бір мінген тай. 
Осыншама шақыртып, 
Келмеймін, деп шаршатты-ай!
Ай, қобызым, қобызым! 
Әбден де болжа, доңызым! 
Үйеңкінің түбінен 
Үйіріп алған, қобызым! 
Қарағайдың түбінен 
Қайырып алған, қобызым! 
Қызыл қыршын тобылғы 
Жәшік қылған, қобызым! 
Желмаяның терісінен 
Қапшық қылған, қобызым! 
Жүйрік аттың құйрығын 
Ішек қылған, қобызым! 
Ор текенің мүйізін 
Тиек қылған, қобызым! 
Тасқа шыққан ырғайдан 
Құлақ қылған, қобызым! 


302
Сексендегі кемпірдей 
Белі бүкір, қобызым
Буаз қатын секілді 
Арты шүмек, қобызым!
Әбден де болжа, доңызым! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет