Ділмар сөз. Түпнұсқа мен 1989 ж. басылымдағы
«Өр Дулат... » сөзі
«Ақ жолда»
«Өзі Дулат... » болып өзгерген. 1991 жылғы басылымдағы
өзгеріс 1926 жылғы түпнұсқамен түзетіліпті.
тақпақ. Түпнұсқада
«Екі дау адағы ауыл болмас» деген өлең жолы
1991 ж. жинақта
« Екі дай адамы ауыл болмас» болып өзгертілген. 1989 ж.
жинақта түпнұсқадағыдай берілген.
ғұрып сөзі. жоқтау. Түпнұсқада
«...жаяйын да жияйын...» де-
ген өлең жолы 1991 жылғы басылымда
«...жаяйын да жылайын...» деп берілген. 1989 жылғы басылымда өзгермеген. Түпнұсқа мен 1989
жылғы жинақтағы
«Ала арқанмен бек тарттым » деген өлең жолы
1991 жылғы жинақта кездеспейді.
Бата. Түпнүсқа мен 1989 жылғы басылымдағы:
«Сенен байлық өтпесін,
Желіңнің екі шетіне»
деген жолдар 1991 жылғы жинақта:
«Сенен байлық кетпесін»
болып, екінші жолы түсіп қалған.
Қалып сөзі. Түпнұсқада:
«...жын шақырғанда ... » сөйлемі 1991 ж.
жинақта
«...жын шақыруы ...», 1989 жылғы басылымда
«...жынын шақырғанда...» болып өзгерген. 1991, 1989 жылғы басылымдардағы
өзгерген сөздер.
Жазу әдебиет. Насихат. Түпнұсқадағы:
«Бүгін жеген қатыңды.
Таңында бір күн берерсің.
Пақыр-міскін кез келсе,
Алып барар малың жоқ,
Дүниеде қайыр қыл!
Досыңа жақсы орын бер!»
(Әбубәкір) өлең шумағындағы
«қатыңды» сөзі 1989 жылғы басылымда
«қапыңды» деп өзгеріске ұшыраған. 1991 жылғы жинақта:
«Бүгін жеген наныңды,
Тағы да бір күн көрерсің.
380
Алып барар малың жоқ,
Бақыр, міскін кез келсе,
Бәріне де қайыр қыл!
Дұшпаныңа жақсы орын бер!»
болып (авторы көрсетілмеген) өзгерген. Өзгерген сөздер түпнұсқадағы
қалпын.
Даттау. Түпнұсқада:
« Зекетін саудалайды молдасына» деген өлең
жолы «Ақ жолда»:
« Дегенін саудалайды молдасына» деп берілген.
1989 жылғы басылымда түпнұсқа қалпын сақтаған.