202
2. сӨйлеУ әУезДіліГі
Сөйлеу әуезділігі буын екпіні мен сөз екпінінің қолайлы
орналасуынан болады. Әуелі буын екпіндерінің арасы тым
жақын келсе иә алыс келсе, әуезділігінде кемшілік болады.
Тым жақын болып келу өңшең қысқа сөздер бір өңкей келгенде
болады да, тым алыс болып келу өңшең ұзын сөздер бірөңкей
келгенде болады.
Сөйлеу әуезділігі түрлі сөздердің үндері орайласып, ұнам-
ды құралуынан болады. Олай құрастыру сөйлеушінің яки
жазушының шеберлігін талғайды. Сөздің кестесін келтіріп
айту деген сөз Абайдың «тілге жеңіл» деген сөзі – бұлардың
бәрі сөйлеу әуезділігіне тиісті сипат туралы айтылған сөздер.
Сөз кестелі келсе, құлаққа жағымды болады. Құлаққа жағымды
болуы әуезділік болады, сондықтан да ондай сөздердің сөйлем-
дері
өрнекті сөйлем
деп аталады. Өрнекті сөйлемдердің
өлеңдісі де, өлеңсізі де болады. Өлең біткеннің бәрі әуезді
сөйлеу табына жатады.
Қысқасынан айтқанда, әуезділікке жағдайлы-жағдайсыз ке-
летін шарттар мынау:
Сөйлеу құлаққа жағымды болмайды:
а) дауысты-дауыссыз дыбыстар ұйлығып қатар келгенде;
б) сөйлемдер дұрыс жасалмаған кезде, мәселен, сөйлем
мүшелері орнына қойылмағанда, иә тұрлаусыз мүшелері кө-
бейіп, сөйлемді ауырлатқанда яки басыңқы сөйлем мен бағы-
ныңқы сөйлемдер жапсарлары дұрыс келмегенде.
Сөйлеу құлаққа жағымды болады:
а) сөйлемдер дұрыс жасалғанда, өрнекті сөйлемдердің кес-
телері келісті жасалғанда.
б) өлеңді сөйлемдердің өлшеулері дұрыс келгенде.
Достарыңызбен бөлісу: