А. Д. Нурахова, Л. Т. Ералиева клиникалық лабараториялық диагностика бойынша ұлттық Әдістеме


Өлшем бірліктері және қайта есептеу коэффициенттері



бет211/395
Дата13.09.2020
өлшемі1,76 Mb.
#78486
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   395
Байланысты:
КДЛ бойынша ұлттық әдістеме
Балаға жүрек жылуы, оценка кпп, пропед тесттттттттт, Жоба әдістемесінің ерекшеліктері, 1-апта
Өлшем бірліктері және қайта есептеу коэффициенттері:

сапа сынағы. Нәтижелер «оң», «теріс» терминдерінде берілген.



Референсті мәндер: анықталмады.

Анықталған: зерттелген биологиялық материалдың құрамында патогенге тән ДНҚ фрагменті табылды.

Анықталмады: биологиялық материалдардың талданатын үлгісінде патогенге тән ДНҚ бөліктері табылған жоқ.

Пастереллез

Пастереллез (рasteurellosis) - тыныс алу жолдарының және ішектің, өкпенің және плевраның геморрагиялық қабыну процестері мен ісінуімен сипатталатын жануарлар мен адамның жұқпалы ауруы.

Қоздырғышы - Pasteurella multocida. Pasteurella multocida - кішкентай грам-теріс таяқша, қозғалмайды, спора иүзбейді, жеке, жұппен және тізбекте орналасады. Капсуласы Романовский-Гимземен жақсы боялады. Сондай-ақ Pasteurella naemolitica бар қоректік ортада сарысуды қосса жақсы өседі.

Пастерелла аэробты немесе факультативті анаэробты болып табылады. Бұл – қозғалмайтын таяқшалар, сопақ формалы, 0,5-2 микрон ұзындықта және 0,25-0,5 микрон ұзындықтағы. Пастерелланың 4 серотипі бар (A, B, D және E); олардың кейбіреулерінің подтиптері бар. Қоздырғыш экзотоксинді бөле алады.

Пастереллездің үш тобы сипатталған. Алғашқы топтағы негізгі көріністер – инфекцияның кіру қақпасы (ит немесе мысықтың тістеген, тырнаған жерлері), қосымша артрит және остеомиелит байқалуы мүмкін, екінші топтағы науқастарда негізгі көріністер - өкпедегі созылмалы қабыну өзгерістер. Үшінші топ патогеннің гематогенді таралуымен, көптеген мүшелерді (менингит, ми абцесса, іріңді артрит, синусит, эндокардит, пиелонефрит, мастоидит және т.б.) зақымдауымен сипатталады.

Пастереллезді тану кезінде эпидемиологиялық себептер ескеріледі. Көптеген жағдайларда иттер мен мысықтардың байланыстырады (тіитеуі және тырнауы), сирек жағдайда басқа жануарлардың (пастереллездің нұсқасы тіпті арыстанның тістеп алғаннан кейін де сипатталады), басқа жануарлармен байланыстары анағұрлым маңызды емес. Клиникалық көріністердің ішінде инфекция кіру қақпасының аймағындағы айқын қабыну өзгерістерінің пайда болуы, информациялық сипатта болады. Диагнозды дәлелдеу үшін патогенді (тері жарасынан, қаннан, іріңді абсцесстен, жұлын сұйықтығынан) алынады. Серологиялық реакциялар қоысша көмек ретінде қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   395




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет