Анықтау әдісі: иммуноферменттік талдау.
Орындау мерзімі: 1-3 жұмыс күні.
Зерттеуге дайындық: қажет емес.
Зерттелетін материал: қан сарысуы.
Талдауды тағайындау көрсеткіштері:
1. Бедеулік;
2. Жүктілікті көтермеу;
3. Қабыну аурулары: сальпингит, эндометрит, цервицит, әсіресе жүктілік кезінде пайда болған; проктит; простатит, уретрит, эпидидимит; конъюнктивит; фарингит;
4. Жатырдан тыс жүктілік;
5. Өлі туу;
6. Рейтер Синдромы;
7. Қорғалмаған жыныстық қатынас;
8. Жыныстық серіктестерді жиі ауыстыру;
9. Ректальді стриктуралар;
10. Балалардағы немесе иммунитеті төмен адамдардағы пневмониялар;
11. Балалардағы Бронхиолит.
Өлшем бірліктері және қайта есептеу коэффициенттері: нәтиже антиденелер титрінде беріледі. Антиденелер титрі < 1: 50 теріс нәтиже ретінде түсіндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |