А. Х. Тажибаева Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. 87 б



Pdf көрінісі
бет3/93
Дата12.09.2020
өлшемі0,79 Mb.
#78179
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93
Байланысты:
Тажибаева А.Х. Трудовое право

1 Кіріспе 

 

Қазақстан  Республикасының  Еңбек  құқығы  –  мемлекеттік  жалпыға 

міндетті  стандартта  қарастырылған  «Юриспруденция»  мамандығы  бойынша 

жоғары заң білімін алатын оқу орындары мен факультеттердің студенттеріне 

арналған  ең негізгі құқық салаларының бірі. 

   «Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы» курсын меңгерудің негізгі 

мақсаты  -  ол  қоғамда  еңбектік  құқықтық  қатынастарды  реттейтін  құқық 

нормаларының  маңызын,  еңбек  құқығы  теориясын,  ҚР  Ееңбек  кодексі  мен 

еңбек  құқығы  нормаларын  қолдану  тәжірибесін  студенттермен  игеру  болып 

табылады. 

Осы  курсты  меңгеру  міндеті  —  ол  студенттерді,  осы  саланың 

концептуалды  мәселелерімен  және  қажетті  құқық  бастамаларымен 

таныстыру,  сондай-ақ,  халықаралық  еңбек  стандартына  негізделген  заң 

актілерін,  халықаралық  шарттарын  және  конвенцияларды  игеру  болып 

табылады. 

«Қазақстан  Республикасының  Еңбек  құқығы»  курсын  оқу  барысында 

студент  Қазақстан  Республикасының  еңбек  кодексінің  нормалар  жүйесін, 

оның  қағидаларын,  міндеттері  мен  құрылымы  жөнінде  хабардар  болуы; 

Қазақстандағы  құқықтық  қатынастардың  тарихи  және  диалектикалық  даму 

үрдісін,  сондай-ақ  оларды  болашақта  жетілдіру  жағдайларын  білуі;  еңбек 

шартын жекелеген санаттардағы жұмыскерлермен жасау ерекшеліктерін білуі; 

жұмыс  уақыты  мен  тынығу  уақытының,  жалақының  түрлері  мен  жүйесін 

белгілеу  тәртіптерін  білу;  еңбек  заңдарын  бұзған  лауазымды  тұлғалар  мен 

жұмыскерлерге  заңды  жауапкершіліктердің  түрлерін  қолдана  білуі;  болашақ 

қызмет  аясында  еңбек  құқығы  теориясынан  алған  білімді  және  еңбек 

заңдарының  нормаларын  қолдана  білуі;  еңбек  құқығын  еңбекті  қолдану 

аясында  тараптардың  әлеуметтік  әріптестік  келісіміне  жетуіне  ықпал  ететін 

заң  құралы  ретінде  жариялау  іс-әрекеттерін  жүргізу,  еңбекке  орналастыру, 

қабылдау  және  еңбек  шартын  бұзу,  сондай-ақ  еңбектік  құқықтық  қатынасты 

жүзеге асыру барысында еңбек құқығын қолдану аясында сауатты кеңес беруі 

тиіс. 

Бұл оқу-әдістемелік құралда Қазақстан Республикасының еңбек құқығы 



бойынша  тәжірибелік  және  студенттің  оқытушымен  өзіндік  жұмысы 

сабақтарды  өткізуге  арналған  материалдар  жиналған.  Оқу  құралының  басты 

мақсаты  студенттерге  курстың  маңызды  сұрақтарын  меңгеруге  көмектесу 

және  жинақта  келтіріліген  тәжірибелік  тапсырмаларды  орындау  арқылы 

азаматтық  заңдар  мен  өзге  де  нормативтік  материалдарды  тәжірибе  жүзінде 

дұрыс қолдануға студентті бейімдеп, үйрету болып табылады. 

 

 Тәжірибелік  сабақтарға  арқау  болатын  әрбір  тақырып  бойынша 



мақсатты  түрде  ұсынуды  қажет  ететін  шамамен  алынған  оның  жоспары 

берілген.  Оқу  әдістемелік  құралдағы  есептер  мазмұнында  берілген  даулы 

мәселенің дұрыс жауабын табу үшін қажетті барлық деректер осы есептердің 

шартына енгізілген.   




 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет