А. Х. Тажибаева Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. 87 б


Тақырып 1. Еңбек құқығының түсінігі және пәні, әдісі



Pdf көрінісі
бет52/93
Дата12.09.2020
өлшемі0,79 Mb.
#78179
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   93
Байланысты:
Тажибаева А.Х. Трудовое право

3.1 Тақырып 1. Еңбек құқығының түсінігі және пәні, әдісі 

   


 Сұрақтар 

1 Еңбекті қоғамдық ұйымдастыру ұғымы 

2 Еңбек құқығының пәні 

3 Еңбек құқығының әдісі  

4 Еңбек құқығының жүйесі 

5 Еңбек құқығының функциялары 

6 Еңбек қатынастарының түсінігі және түрлері 

 

 

Әдістемелік нұсқама 

   


Қазақстан  Республикасының  еңбек  құқығы  пәнін  оқу  үшін  ең  алдымен 

бұл  пәннің  атауын  және  еңбекпен  байланысты  құқық  салаларының  атауларын 

меңгеріп  алуымыз  қажет.  Соныдықтан  да,  ең  алдымен  «еңбек»  дегеніміз  не 

және  оның  қоғамдағы  рөлін  анықтап  алуымыз  қажет.  ҚР  Еңбек  кодексінің  1 

бабында  еңбек  ұғымына  мынадай  анықтама  берілген:  «Еңбек  –  материалдық 

және рухани игіліктерді жасауға бағытталған адамның мақсатты қызметі». 

   

Еңбек  құқығының  пәні  болып  еңбекті  қоғамдық  ұйымдастырудағы 



жұмыскерлердің еңбектерін ұйымдастыру бойынша қоағмдық қатынастарының 

жалпы  кешені  танылады.  Пәнді  меңгеру  барысында  еңбек  қатыастарының 

ұғымын,  қоғамдағы  өндірістік  қатынастармен  байланысын,  оның  аралас 

азаматтық 

қатынастардың 

пәнінен 


еңбек 

қатынастарының 

пәнінің 

айырмашылығын білу қажет. 




 

   



Еңбек  құқығының  әдісін  еңбекті  құқықтық  реттеудегі  тәсілдер  кешені 

ретінде игеру барысында, оның құқық нормасы арқылы көрінетінін және өзінің 

ерекшеліктері  бар  екенін  түсіну  қажет.      Осыдан  келе,  әдістің  қандай 

тәсілдерден тұратынын анықтау қажет.  

   

Еңбек  құқығының  пәнін,  әдісін  меңгере  келе,  енді  оның  жүйесіне  көңіл 



бөлуіміз  керек.  Еңбек  құқығының  жүйесі  дегеніміз  құқықтың  сол  саласының 

құрылымы мен мазмұнының бүтіндігін, ажырамас бірлігін құрайтын құқықтық 

нормалар жиынтығы. 

   


Тақырыпты  толық  меңгеру  үшін  Қазақстан  Республикасының 

конституциясын және ҚР еңбек кодексін қараңыз. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет