Әдістемелік нұсқама
Студенттер жоғарыда көрсетілген тақырыптарға байланысты жалақы
дегеніміз не, оның басқа заңнамада көзделген төлемдер мен қосымшалардан
қандай айырмашылықтары бар екенін білулері қажет.
«Еңбекақы» категориясының мазмұны екі аспектіні анықтайды:
экономикалық және құқықтық. Экономикалық ұғымда еңбекақы жұмыс
күшінің бағысы мен құнын білдіреді. Ал құқықтық категория ретінде еңбекақы
- жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына,
сапасына және жағдайына байланысты еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ
өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер (ҚР ЕК 1б.).
Студенттер еңбекақыны кеплілдіктер мен өтемақы төлемдерінен
ерекшелейтін элементтеріне назар аударулары тиіс. Өтемақы төлемдері -
жұмыстың ерекше режимі мен еңбек жағдайларына, жұмысынан айрылуына,
8
жұмыскерлердің еңбек міндеттерін немесе Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауына байланысты шеккен
шығындарын өтеуге байланысты ақшалай төлемдер;
ҚР Еңбек кодексінің 149 бабынан 159 бабы аралығында жұмыскерлерге
берілетін кепілдіктер мен өтемақы түрлері қарастырылған.
Осы аталғанды толық меңгеру үшін Қазақстан Республикасының еңбек
кодексінің 10 және 13 бөлімдерін қараңыз
Достарыңызбен бөлісу: |