А. К. Айтказина автоматтандырылған жобалау жүйелері 5В072900 «Құрылыс» мамандығында оқитын студенттерге «Автоматтандырылған жобалу жүйелері»


«Технология» ұғымында екі аспектіні ажырату маңызды



бет5/37
Дата04.10.2022
өлшемі1,71 Mb.
#151670
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
Лекции САПР каз

«Технология» ұғымында екі аспектіні ажырату маңызды. Біріншіден, технология үрдіспен (процесс) тығыз байланысты, яғни уақытында орындалатын іс-шаралар жиынтығы. Екіншіден, технологиялық үрдіс кез -келген қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін адам жасаған жасанды жүйелерде жүргізіледі.
Жалпылай алғанда технология - материалдық өнiмдер өндiру туралы заңдардың ғылымы. Бұл тұжырымдаманың үш негізгі бөлімі бар:

  • идеология, яғни өндіріс принциптері;

  • еңбек құралдары, яғни станоктар, машиналар, қондырғылар;

  • кәсіби еңбек қызметкерлері;

Тиісінше, бұл компоненттер ақпараттық, аспаптық және әлеуметтік деп аталады.
Басқаша айтқанда, ақпараттық аспект - өндіріс қағидаттары мен әдістерінің сипаттамасын, аспаптық – өндірістің еңбек құралдарымен іске асырылуымен, әлеуметтік-кадрлық және олардың ұйымдастырылуын сипаттайды. Неғұрлым кішу мағынада түсіндіретін болсақ, технология- бір затты алу кезіндегі еңбек жұмыстарының реттілігі, мысылы, құрылымдарды дайындау технологиясы.
Кез-келген технологияның мақсаты, нысаны және құралдары болады.
Өнеркәсіптік өндірістегі технологияның мақсаты өнім сапасын жақсарту, оны өндіру уақытын қысқарту және шығынды азайту болып табылады.
Кез келген технологияның әдістемесі мыналарды қамтиды: өндірістік процестің жекелеген өзара байланысты және бағынышты компоненттерге (сатылар, бөлімдер, фазалар, операциялар) ыдырауы; технология мақсаттарына сәйкес өндірістік процестің кезеңдерінің, сатыларының және бөлімдерінің нақты орындалу кезеңдерін енгізу; барлық компоненттердің орындалуын реттейтін технологиялық құжаттаманы рәсімдеу.
1.3. Ақпараттық технологиялар
Ақпаратты шығару ақпараттық ресурстарды тиімді түрде пайдалануға
бағытталған және ақпараттық жүйені құру арқылы жүзеге асырылады.
Ақпараттық ресурстар - кез келген құрылымды басқару жүйесіне арналған бастапқы «шикізат» болып табылады. Соңғы өнім - шешім. Көптеген жағдайларда шешімді қабылдау ақпараттың жетіспеушілігі жағдайында жүзеге асырылады, сондықтан ақпараттық ресурстарды пайдалану деңгейі арқылы ұйымның жұмыс тиімділігін байқауға болады.
Өзінің даму жолында кез-келген индустрия, соның ішінде ақпараттық индустрия, қолдан жасалған өнімнен жоғары технологиялық өндіріске дейінгі кезеңдерден өтеді.
Технологияның дамуында екі түбегейлі айырмашылық бар.
Біреуі қаншама қаражат салып, одан әрі жетілдіру негізсіз болған жағдайда да, белгіленген базалық технологияны үздіксіз жетілдірумен және жоғарғы шекке қол жеткізуімен сипатталады .
Тағы бір саты берілген технологияны қабылдамайды және бірінші сатыдағы қағидалардан бас тартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет