А. К. Айтказина автоматтандырылған жобалау жүйелері 5В072900 «Құрылыс» мамандығында оқитын студенттерге «Автоматтандырылған жобалу жүйелері»



бет10/37
Дата04.10.2022
өлшемі1,71 Mb.
#151670
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37
Байланысты:
Лекции САПР каз

Сынақ сұрақтары мен жаттығулар:

  1. Ақпараттандыру дәуірі нені сипаттайды?

  2. «Ақпарат» -анықтамасын беріңіз. Оның ерекшеліктері қандай?

  3. «Технология» түсінігі мен оның аспектілерін ашып айтыңыз.

  4. «Ақпараттық технологиялар» ұғымының пайда болуына не себеп болды?

5. Адамзаттың жетістіктері қандай автоматтандырылған ақпараттық технологиялардың пайда болуына әкелді?
6.Ақпараттық жүйе дегеніміз не?
7.Автоматтандырылған ақпараттық технологиялардың мақсаттары, әдістері мен құралдары қандай?
8. Құрылыс жобалау кәсіпорындарына АТ-ны енгізу қандай артықшылықтар береді?
2. Дәріс 2. Басқару, өндіру және жобалаудағы заманауи ақпараттық жүйелер
Дәріс ақпараттық жүйелердің негізгі ұғымдарын, мақсаттарын және принциптерін қарастырады. Олардың құрылымы мен түрлері қарастырылады.
Өндірістегі ақпараттық қолдау кезеңі автоматтандырылған басқару жүйесі(АБЖ) және автоматтандырылған процестерді басқару жүйелерімен (АПБЖ) жүзеге асырылады. АБЖ қатарына ERP (Enterprise Resource Planning) кәсіпорынды жоспарлау және басқару жүйелерін, өндірісті жоспарлауды және MRP-2 (Manufacturing Requirement Planning) материалдық талаптарын және жоғарыда аталған SCM жүйелерін қосуға болады.
Барынша даыған ERP жүйелері өндірісті жоспарлау, сатып алу, өнімнің маркетингі, маркетингтік перспективалық талдау, қаржылық менеджмент, қызметкерлерді сақтау, қоймалау, негізгі құралдарды есепке алу және т.б. байланысты әр түрлі бизнес функцияларын орындайды.
MRP-2 жүйесі негізінен өндірумен тікелей байланысты бизнес функцияларға бағытталған. Кейбір жағдайларда SCM және MRP-2 жүйелері ERP жүйесінде кіші жүйе ретінде енгізілген, соңғы уақыттарда оларға тәуелсіз жүйелер ретінде қарауға болады.
Автоматтандырылған басқару жүйесі мен автоматтандырылған технологиялық басқару жүйесі арасындағы аралық орынды жобалау, өндіру және маркетингті басқарудың жедел тапсырмаларын шешуге арналған MES (Manufacturing Execution Systems) өндіріс жүйесімен жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет