А. К. Маханова хормен ән айту тәрбиесі



бет9/34
Дата17.11.2023
өлшемі3,31 Mb.
#191662
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34
Байланысты:
Оқу құралы

6.1. Әуен жүргізу

Дыбыс жүргізу тәсілдері музыкалық материалдың сипатымен анықталады.


Кантилена legato техникасына негізделген, ән салудағы дыбысты жүргізудің негізгі түрі, дауысты дыбыстарды созып айту және дауыссыз дыбыстарды қысқа дыбыстау арқылы жүзеге асады.
Legato – созылыңқы, байланыстырып – дыбысты жүргізудің негізгі формасы, тоннан тонға қарай, буыннан буынға қарай, үзіліссіз және сілкусіз, ән салу қатарын бұзбай, дыбысты жеңіл және бірыңғай орналастыру дағдысымен байланысты.
Non legato – байланыстырмай, жылдам екпіндерде, ойнақы сипатта немесе мәтіннің маңыздылығын белгілеу үшін жиі қолданылады.
Marcatoайқындап, белгілеп – штрих legato қарағанда қатаңдау. Акцент арқылы айқындалатын, әрбір дыбысты айқын, белгілей отырып орындауды білдіреді.
Staccato – үзіп қысқа ойнау – бұндағы шеберлік дыбысталудың ұзақтығын қысқартуда және олардың арасындағы үзілістерді (паузалар) көбейтуде, екпінді өзгертпеуде байқалады. Staccato сәйкес келген дыбыс ағыны, бір ән айту қатарындағы, бірыңғай ән айту қатары ретінде түсіндіріледі. Staccato серпінді және әрдайым жеңіл болуы керек, бірақ өте дауысты болмауы керек.
Осылайша, дыбыстарды жүргізудің әрбір әдісі еріксіз түрде дыбыс атакасын тудырады, яғни көмейдің регистрлік келтіруіне әсер етеді, соған сәйкес дауыстың тембрлік дыбысталуын өзгертеді.
Қайталау үшін сұрақтар



  1. Дыбыс атака дегеніміз не және қандай атака түрлері бар?

  2. Legato әуен жүргізу тәсілі қалай жүзеге асады?

  3. Non legato әуен жүргізу тәсілі қалай жүзеге асады?

  4. Marcato әуен жүргізу тәсілі қалай жүзеге асады?

  5. Staccato әуен жүргізу тәсілі қалай жүзеге асады?



7. ДИНАМИКАЛЫҚ БОЯУЛАР (РЕҢКТЕР)

Музыкадағы маңызды көркемдік айқындауыш құралы динамика болып табылады. «Динамика» термині музыкаға қатысты екі түрлі мағынада қолданылады: 1) музыкалық дамудың жылдамдығын білдіреді; 2) музыкалық дамуға байланысты дыбыс жоғарылауын білдіреді. Музыкада төмендегідей динамикалық реңктер қолданылады:


pianissimo (пианиссимо) - өте тыныш;
piano (пиано) – тыныш;
mezzo piano (меццо пиано) – онша тыныш емес;
mezzo forte (меццо форте) – онша дауысты емес;
forte (форте) – дауысты, күшті;
fortissimo (фортиссимо) - өте дауысты, (өте күшті);
crescendo (крещэндо) – дыбысты бірте-бірте күшейте;
diminuendo (диминуэндо) – бірте-бірте жайлата;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет