I.XIII Сүңгілік манипуляциялар
1.134 Стандарт
« Асқазанды шаю »
Мақсат: диагностикалық, емдеу, асқазандағы сұйықтықты өңеш арқылы сыртқа
шығару.
Көрсеткіштері: улану жағымсыз тағаммен, дәрі-дәрмектермен, алкогольмен,
газбен, саңырауқұлақпен.
Кері көрсеткіші: қан кету асқорыту трактісінен, ауыз қуысының қабынуы, жұтқыншақ, асқазан, өңеш, асқазан мен өңештің күйуі, миокард инфркті, мидың қан айналымының бұзылуы, бронх демікпесі, өңеш тарылуы.
Әзірле: стерилді: жуан зонд, резеңкелі түтік (70см), шыны түтік (зонд түтігіне
жалғанған), воронка шыны 0,15-1л сыйымдылықта, лотоктар, таз,
таза су 10-12л t – 20-22º, перчатка, 2 кленкалы фартук, құмыра немесе
крушка 1 л сыйымдылыққа дейін, дәке тампондар, дез ерітінді, құрғақ
хлор әктісі, сүлгі немесе простыня, жолдама қағаз, банка қақпағымен.
Жасау әдісі:
1. пациентке ем шараның мақсатын түсіндіру, келісімін алу
2. өзіне және пациентке фартук кигізу
3. пациентті отырғызу, орындыққа сүйеп отырғызу
4. егер бар болса тіс протездерін алып тастауын сұрау.
5. пациенттің қолын артқа қайыру, орамалмен бекіту.
6. пациенттің аяқ арасына тегеш қою.
7. пациенттің артынан немесе жанынан тұрып басын сәл шалқайту.
8. қолға деконтаминтация жасау
9. стерилді сүңгіні өлшейміз (төменгі тістен кіндікке дейін +
алақанның ені) белгілеп аламыз.
10. сүңгіге шыны түтік жалғаймыз.
11. пациентке ескерту сүңгіні тіспен қыспауын,
мұрынмен терең дем алуын.
12. сүңгінің бітеу жағын суға малып аламыз.
13. пациентке ауызын ашуын сұраймыз, сүңгіні оң қолға ұстаймыз
бітеу жағынан 10см ара қашықтықта тілдің түбіне басу
14. пациентке жұтынуын, мұрнымен терең дем алуын сұраймыз,
сүңгіні итереміз өңешке қарай
15. сүңгіні асқазанға енгіземіз белгіге дейін, воронка жалғаймыз,
ұстаймыз сәл қиғаш (тізе деңгейіне дейін)
16. воронкаға су құйамыз 1л
17. воронканы жоғары көтереміз, судың деңгейі воронканың түтігіне
келгенде тізеден төмен түсіреміз.
18. шыққан жуынды суды тегешке төгеміз
(шыны ыдысқа аз мөлшерін зертханаға)
19. осы шараны қайталай береміз, таза су шыққанша
20. сүңгіні асқазаннан шығарамыз салфетканың көмегімен.
21. кленкамен фартукты шешеміз
22. сүңгі, түтік, воронканы дез ерітіндіге саламыз
23. пациенттің ауыз қуысын шайғызып, салфеткамен сүрту
24. дәке тампондар, салфеткаларды КБУ-ға тастау
25. пациентті палатаға жеткізу
26. пациентті физикалық және психикалық тыныштыққа келтіру.
27. жолдама қағазды зертханаға жіберу.
28. жуынды суға дезинфекция себу
Достарыңызбен бөлісу: |