Қабылдауға болмайды – капуста, қара нан, ішімдіктер, ащы және тұзды тағамдар.
№ 2 диета – ащы ішек және тоқішек ауруларында.
Қабылдауға болмайды – қара нан, сүт, картоп, виноград
№ 5 диета – бауыр мен өт қалтасының ауруы (холецистит,гепатит,цирроз) Бұл диетада углеводтың мөлшері көбейтіледі, ал майдың мөлшері шектеледі. Холестеріні мол тағамдар берілмейді.
Қабылдауға болатын тағамдар: бидай наны, көкеністен жасалған сорпа, майсыз ет, сүтті тағамдар, жеміс-жидек, буға пісірілген тағамдар.
Қабылдауға болмайды – қуырылған майлы тағамдар, ащы тағамдар.
№ 7 диета – бүйрек өткір, жедел қабынғанда, бүйрек жеткіліксіздігі (острый нефрит). Науқастан белогы бар тағамды шектейді 45-50 гр тәулігіне. Негізінен тамақтар тұзсыз дайындалады. Тамақтағы ас тұзының жалпы мөлшері 3-5гр. Қабылдайтын сұйықтың мөлшері 800-1000мл. Денесінде ісігі болмаса көп сұйық беріледі газы шыққан минеральды сулар, шырындар. Жеңілдену күндері – қант күні, алма, күріш-компот күні.
№ 8 диета – ауру адам шамадан тыс семіріп немесе толып кетсе. Бұл диета майдың және углеводтың мөлшерін азайтады, белокты көбейтеді. Қабылдайтын сұйықтық мөлшері 1л-ге дейін, тұзды азайтады. Қабылдауға болмайды: макаронды, манна жармасы, тәтті жемістерді, бал, қамырдан жасалған тағамдар.
Тәулігіне майдың мөлшері 60-70г. көмірсу 180-200г. белок 100-102г калория алу керек тәулігіне 1800-1850.
№ 9 диета – қант диабетінде. Углеводты азайтады. Қабылдауға болатын тағамдар: гречка,сұлы, қара нан. Қабылдауға болмайды: тұздалған маринадталған тағамдар, макороннан дайындалған тамақ, күріш, тәтті жемістерді, жүзім,банан,виноград. Науқас инсулинді қабылдағаннан кейін, яғни 20 мин өткеннен соң міндетті түрде тамақтану керек.
№ 10 диета – жүрек қан тамыры жүйесінің аурулары. Ас тұзы шектеледі 5-6г, азот экстрактивті заттар мен тұздықтар қолданбайды. Сұйықтық 1000-1200мл дейін шектеледі. Калий тұзға мол тағамдар (мейіз, шоққа пісірілген картоп), витамин С сол тағамдар (қарақат, ит мұрын қайнатпасы, бал). Майлы ет, газды сусындар, кофе, какао, алкоголь қабылдауға болмайды. Тамақтану режимі 5-6 мәрте, шағындап тамақтанады. Кешкі тамақты ұйқыдан 3сағ бұрын ішеді.
№ 11 диета - өкпе туберкулезімен ауырған науқастарға пайдаланады. Бұл диетада белок, май углеводы мол тағамдар беріледі. Кальцийі мол сүт тағамдары жеткілікті мөлшерде. Ас тұзы мен сұйықтық нормасы шектеулі.
№ 13 диета – жұқпалы ауруларда, қызбада тағайындайды. Жеңіл қорытылатын тағамдар беріледі.Белоктың мөлшері сәл төмен болу керек, май мен көмірсудың калорийясын шектелінеді. Витаминге мол тағамдар береміз, витамин С лимон, мандарин, цитрусты жеміс-жидектер. Сұйықтық көп мөлшерде беріледі, минералды сулар.
№ 14 диета – несептің сілтілі реакциясы көбейеді. Фосфатурия байқалады. Қышқыл реакцияны қалпына келтіру. Кальцийға мол тағамдар беріледі ( сүт, ірімшік, сыр). Күніне 4-5 рет тамақтану керек.
№ 15 диета – ас қорыту жүйесі ауырмаған кезде және барлық адам қолдануға болады. Тамақтардың түрлеріне шек қойылмайды. Сондықтан тағамның құрамы физиологиялық қалыпта болуы тиіс. Бұл диетаның жалпы калориясы 3000 ккал.
Достарыңызбен бөлісу: |