А. М. Касенова. Стандарттау


Стандарттау, сертификаттау жэне метрология негіздері 1.7.4 Экологиялық стандарттау



Pdf көрінісі
бет55/184
Дата29.12.2023
өлшемі10,03 Mb.
#199846
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   184
Байланысты:
Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері

78 Стандарттау, сертификаттау жэне метрология негіздері
1.7.4 Экологиялық стандарттау
Соңғы уақытта экологиялық ахуалдар, қоршаған орта- 
ны қорғау проблемалары өте маңызды мәселеге айналып отыр. 
Экологиялық проблемалар әлемдік қауымдастықтар үшін де негіз- 
гі орынды иеленуде, оның бір бөлігі Киота хаттамасын дайындау- 
да келтірілген, яғни барлық қол қойған елдер өндірістік газдардың 
шығуын 8%-ға төмендетуді жоспарлауды көздеп отыр. Көптеген 
елдердің заңдарында атмосфераға электромагниттік сәулелердің, 
шулардың, газдардың шығу деңгейі қатаң шектеледі.
Бүлардың барлығы стандарттау саласында байқалуда, эсіресе 
олардың көп бөлігі экология мен табиғатты қорғауға арналған.
Тек Еуропа елдерінде экология саласында 90-нан аса дирек­
тива қабылданған. Бүл директивалардың бағыттары төмендегідей:
1. Еуропалық Одақтың (ЕО) басты саясаты бойынша- 
өнеркэсіптерде ластануды бақылау құндылығын бағалау эдістері, 
табиғатқа тиетін өнеркәсіптік жобалардың әсерін бағалау
2. Су бойынша - өзендерді, теңіздерді, көлдерді және басқа 
су ұңғымаларын ластанудан қорғау, ауызсу сапасы және өндіріс 
қалдықтарын су ұңғымаларына тастау мәселелері, су флоралары 
мен фауналарын қорғау бойынша іс-шаралар.
3. Ауа мен өндірістік тәуекелділіктерде - кейбір заттардың 
қолданылуын шектеу, ауа бассейнінің тазалығын қорғау, ауадағы 
зиянды заттардың нормаларын анықтау
4. Өндіріс қалдықтары бойынша қолданылган суларды таза- 
лау, қоқыстарды жою, қауіпті заттарды тасымалдау жэне оларды 
сақтау.
5. Шу бойынша тұрмыстық құралдардың, транспорт құрыл- 
ғыларының, өндірістік қондырғылардың шу деңгейін қалыпқа 
келтіру.
ЕО-да бұйымның (қызметтің) экологиялық қауіпсіздігінің 
белгісі енгізілген. Ол тұтынушыны бұйымның экологиялық 
қауіпсіздігі туралы ақпараттандырады. Белгі қолдануға қауіпсіз, 
бірақ рұқсат етілген дозадагы қауіпті заттар болуы мүмкін 
дәрілерге, сусындарға жэне азық-түлік тағамдарына қойылмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   184




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет