А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка



бет25/92
Дата31.12.2019
өлшемі8,57 Mb.
#54151
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   92

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФОРТЕПИАНО
МУЗЫКАСЫ
Фортепиано өнерінің қазақ даласындағы тарихы XIX ғасырдың екінші жартысынан бастау алады. Бөкей ордасын-да Жəңгір ханның жұбайы Фатима ханша рояль аспабында ойнағандығын ресми құжаттар дəлелдейді. Бүгінгі таңда Қазақстандағы фортепиано музыкасының тоқсан жылдық тарихы бар. Ол 700-ден астам фортепианоға арналған шағын шығармалар, соната, вариация, концерт сынды көлемді шығармалардан құралады. ХХ ғасырдағы қазақтан шыққан алғашқы кəсіби пианист – Гүлжауһар Шомбало-ва. 1920–1930 жылдардағы алғашқы кезең А.Затаевич пен А.Жұбановтың халық əуендерін фортепианоға лайықтаудан басталды. А.Затаевич қазақтың 250 əні мен күйін ел ішінен жинап, 60-тан астам күйді фортепианоға лайықтады. Оның жолын Е.Брусиловский, Д.Мацуцин, Б.Ерзакович,


Н.Меңдіғалиев жалғастырды. Əсіресе, күй тартыс дəстүріне жақын жеке орындаушы мен оркестрдің бəсекесіне құралған фортепианолық концертке қалам тартқандар: Н.Меңдіғалиев, С.Еркімбеков, А.Серкебаев, Т.Қажығалиев, Ғ.Жұбанова. М.Сағатов, Б.Жұманиязов сынды компози-торлар оған елеулі үлес қосты. 70–80-жылдары Қазақстан фортепиано музыкасында соната, вариация, концерттер жазылды. А.Жұбановтың «8 қазақ биінің» «Ақсақ құлан», «Қыз Акжелең», «Қызыл қайың», «Саранжап» бөлімдеріне Құрманғазы мен Дəулеткерейдің аттас күйлері негіз болды. Бүгінгі таңда Жəния Əубəкірова, Гүлжəмиля Қадырбекова, Теміржан Ержанов, Гүлжан Үзенбаева сынды өнер майтал-мандары қазақтың фортепианолық өнерін əлем сахналары-на паш етуде.




ҚАЗАҚСТАН КОМПОЗИТОРЛАРЫНЫҢ
ƏН-РОМАНСТАРЫ
ХІХ ғасырда дамуы биік шыңға жеткен қазақтың əн мəдениеті ХХ ғасырда өз жалғасын тауып, жаңа белеске көтерілді. ХХ ғасырдың 30–40-жылдарында ел ішінен халық əндерін жинап, фортепиано сүйемелдеуімен орындалған вокалды өңдеулер жасаған А.Затаевич, Б.Ерзакович, М.Төлебаев, Л.Хамидидің туындыларынан басталды.

  • ғасырдың 50–60-жылдарында қазақ романсының классикалық үлгісін Мұқан Төлебаев қалыптастырды. Оның Ұлы Отан соғысы жылдарында шығарған «Тос мені, тос», «Кестелі орамал» романстары – осы бағыттың үздік үлгісі. Вальс жанры Қазақстан музыкасында Л.Хамидидің есімімен байланыстырылады. Оның «Қазақ вальсі», «Көктем вальсі», «Бұлбұл» əндері қазақ əндерінің «алтын қорына» қосылды. Л.Хамидидің жолын «вальстің королі» атанған Шəмші Қалдаяқов жалғастырды.




32 33





  1. Н.Меңдіғалиевтің «Домбыра туралы аңызын» тыңда.




  1. Бұл туындыға сипаттама бер, музыка ырғағының ерекшелігін қалай түсіндірер едің?

  2. Б.Төлегенованың орындауында Л.Хамидидің «Бұлбұл» əнін тыңдаңдар.




  1. Қалай ойлайсың, бұл туындыда музыка нені бейнелеп тұр?

  2. М.Төлебаевтың «Кестелі орамал» роман-сын тыңдаңдар.




  1. Романс тақырыбына синквейн ойлап табыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет