Көсiлетiн көрпең қайда, қазағым?
Қайран елiм, қайран жерiм қор болған,
Жомарттығы
сор болған-ай,
Жарылыстан көз ашпаған далам-ай.
Неге бiздер у iшемiз суаттан,
Неге бiздер ажыраймыз тұяқтан?
Туған
жердi тоздырғанша,
заман-ай,
Заман-ай, заман-ай,
Неге жерге кiрмеймiз бiз ұяттан?
Қайран елiм, қайран жерiм қор болған,
Жомарттығы сор болған-ай,
Жарылыстан көз ашпаған далам-ай.
«Заман-ай» əнінің сөзін мұқият оқып, қай топқа жататындығын (тарихи əн, тұрмыс-салт, əдет-ғұрып, лирикалық, Отаншылдық тақырып) анықта?
Қарамен боялған сөздерге назар аударып, оның мағынасын түсіндіріңдер?
Бұл əн қандай тарихи жағдайға байланысты шығарылды?
Эстарада-цирк студиясы қай жылы ашылды?
«Үркер» жəне «Ұлытау» тобы қандай стильде жұмыс істейді?
Қандай бойз-бэнд жəне герлз-бэндтерді білесің?
Эстрадалық жанрда жұмыс істейтін Қазақстанның танымал композиторларын атап бер.
Қазақстанның заманауи эстрада əншілері шет елдер-де өткен қандай өнер додаларында жеңіске жетті?
Р.Рымбаеваның репертуарындағы өзекті болған əндерді ата.
Р.Рымбаеваның ел ішіндегі лақап атын есіңе түсір.