А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка



бет80/92
Дата31.12.2019
өлшемі8,57 Mb.
#54151
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   92

130 131


Сабақта:


  1. Музыкалық-компьютерлік бағдарламаларды қолдануға үйренеміз;

  2. Музыкалық-компьютерлік бағдарламалардың заңдылықтары жайлы мəліметтер аламыз;

  3. Музыкалық-компьютерлік бағдарламалардың негіздерін игереміз;.

Музыка – біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Қазіргі жаһандану заманында музыкалық-компьютерлік технологиялар жан-жақты қолданысқа ие болып келеді. Осы күнгі заман талаптарының бірі – дамыған инновациялық технологияларды кеңінен қолдану. Қазіргі таңда музыкалық- компьютерлік бағдарламалардың мүмкіндіктері мол. Біреулер бұл бағдарламаларды музы-каны өңдеу үшін, редакциялау үшін, ал кейбіреулер ком-пьютерде музыка тыңдау үшін пайдаланады.VideoShow, Windows Movie Maker, Audacity, Soundation, Киностудия сияқты компьютерлік бағдарламалар арқылы көптеген ой-ларды іске асыруға болады. Windows Movie Maker – бейне-материал құру жəне оны өңдеуге арналған бағдарлама. Бұл бағдарламаның мүмкіндіктері өте көп:


а) Цифрлық видеокармералар арқылы бейнематериалдар алу.
ə) Суреттер арқылы слайд-шоу жасау.
б) Бейнематериалды қию жəне жалғау.
в) Аудио дыбыстар жолын қою.
г) Тақырыптар мен титрлерді қою.
д) Бейне фрагменттердің арасында ауысулар жасау.
е) Қарапайым эффектілер қою жəне тағы басқалар.

Audacity музыкалық жəне сандық файлдарды редакциялауға арналған үздік бағдарламалардың біреуі болып саналады.



Windows Movie Maker – дыбыс (аудио) жəне бейне (видео) материалдары арқылы фильм құруға арналған бағдарлама. Windows Movie Maker бағдарламасында бейнекамераның, веб-камераның немесе басқа да бейне құрылғылардың көмегімен компьютерде аудио жəне бейне жазбалар арқылы фильм құруға болады. Өзімізге қажетті фильм құру үшін дайын суреттерді, аудио жəне бейне материалдарды им-порттау арқылы қолдануға болады. Қажетті аудио жəне бейне материалдарын таңдап алғаннан кейін белгілі бір тақырыпқа негізделген, бейнеауысым жəне эффектілерді қолданып, дайын фильм құра аламыз.

1. Windows Movie Maker қандай бағдарлама?




  1. Windows Movie Maker бағдарламасында фильм құру үшін нелерді пайдаланамыз?

  2. Audacity, Soundation бағдарламалары неге арналған?

  1. Музыкалық əрлеулер қолдана отырып слайд-шоу жасау.




  1. Видеоларды қию жəне жалғау.




  1. VideoShow, Movie Maker, Киностудия бағдарламалары арқылы мини-бейнеклип жасау.

  2. Audacity, Soundation бағдарламалары арқылы музыкалық өңдеулер жасау.




132 133

1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет