Ғұмар Қараш атындағы орта жалпы білім беретін мектеп.
Цитология негіздері
Абилова Л. Қ
Әдебиеттер:
Қ.Қайым. «Тіршілік танымы» Алматы- 2002ж
В. Карсунская. «Жалпы биология сабақтары»
А.Мечкова, Б. Комиссаров. «Жалпы биологиялық оқыту методикасы»
М. Гилманов, А.Сартаев. «Жалпы биология». Алматы- 2006ж.
«Биология және салауаттылық негізі»
«Биология анықтамалығы»
Ғ.Қараш атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің жаратылыстану бірлестігі отырысының шешімімен мақұлданды.
№ 4 хаттама 2011 жыл
Құрастырушы:
Абилова Л.Қ, Ғ.Қараш атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі.
Пікір жазғандар:
Нурғалиева А.А- аудандық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі
Гусманова С.Г- директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
«Цитология негіздері» тақырыбында ұсынылып отырған күнтізбелік жоспар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру пәнді тереңдетіп оқыту мақсатында құрылған. Курс 34 сағатқа берілген.
Бұл курстың негізі оқушының бір жағынан өзінің қалаған мамандығына деген қызығушылығын арттырса, екінші жағынан теория мен тәжірибе арасындағы байланыстың беріктігіне негіз қалайды.
Пікір
Баланың пәнге деген қызығушылығын ояту, оның таңдауына бағыт-бағдар беретін бұл курс негізгі мектепті бітірушілерге көмекші құрал ретінде және мұғалімнің айналысатын проблемасын « Биология сабағында белсенді сабақ түрлерін ұйымдастыру арқылы оқушылардың ғылыми шығармашылық қабілеттерін дамыту» шешу мақсатында қолданысқа енгізілуде.
Лира Құзайырқызы үнемі шығармашылықпен ізденіп, шәкірттерінің сеніміне ие болған, құрметке бөленген ұстаз.
Мұғалімнің жаңалыққа жаны сергек, өз ісіне жауапкершілігі мол, жаңаша ойлау дағдысын меңгерген жаңашыл ұстаз.
Жас мамандарға бұл құрал әдістемелік көмек болары сөзсіз.
20
|
Зат алмасу нәтижесінде түзілетін клетка тіршілік әрекетінің ақырғы өнімдері
|
1
|
|
Дәріс оқытудың белсенді әдістері
|
21
|
Прокариотты клеткалардың ерекшеліктері
|
1
|
|
Топтық жұмыс
|
22
|
Эукариотты клеткалардың негізгі ерекшеліктері
|
1
|
|
Топтық жұмыс
|
23
|
Клетканың бөлінуі, митоз
|
1
|
|
Эвристикалық жұмыс
|
24
|
Мейоз және фазалары
|
1
|
|
Ұжымдық жұмыс
|
25
|
Мейоздың биологиялық ролі
|
1
|
|
Шығармашылық жұмыс
|
26
|
Организмдердің жеке дамуы – онтогонез
|
1
|
|
Өздігінен зерттеу, іздену жұмысы
|
27
|
Жұмыртқаның бөлінуі, бөлшектену, гаструляция
|
1
|
|
Ұжымдық жұмыс
|
28
|
Мезодерманың пайда болуы, нейрула
|
1
|
|
Топтық жұмыс
|
29
|
Постэмбрионалді даму
|
1
|
|
Шығармашылық жұмыс
|
30
|
Толық даму, түрленіп даму
|
1
|
|
Өздік жұмыс
|
31
|
Шала түрленіп даму
|
1
|
|
Өздік жұмыс
|
32
|
Фитологенез
|
1
|
|
Эвристикалық жұмыс
|
33
|
Сынақ тапсырмалары
|
|
1
|
Өздік жұмыс
|
34
|
Жинақтап қорыту
|
|
1
|
Семинар- конференция
|
«Цитология негіздері» тақырыбы бойынша курстың күнтізбелік жоспары.
Р/с
|
Сабақтың тақырыбы
|
Сағат саны
|
Түрі, әдісі
|
Теория
|
Практика
|
1
|
Кіріспе
Цитология ғылымы туралы түсінік
|
1
|
|
Дәріс оқытудың белсенді әдістері
|
2
|
Микроскоптың ашылу тарихы
|
1
|
|
Эвристикалық
|
3
|
Микроскоптың құрылысы
|
1
|
|
Ұжымдық жұмыс
|
4
|
Практикалық сабақ
|
|
1
|
Шығармашылық жұмыс
|
5
|
Клетка теориясы
|
1
|
|
Семинар- форум
|
6
|
Клетка құрылысы
|
1
|
|
Ұжымдық жұмыс
|
7
|
Цитоплазма және оның қасиеттері
|
1
|
|
Өздік жұмыс
|
8
|
Ядро
|
1
|
|
Ұжымдық жұмыс
|
9
|
Клетка органоидтері: митохондрия, гольджи аппараты
|
1
|
|
Шығармашылық жұмыс
|
10
|
Лизосома
|
1
|
|
Топтық жұмыс
|
11
|
Энд.тор, рибосома
|
1
|
|
Топтық жұмыс
|
12
|
Пластидтер
|
1
|
|
Ұжымдық жұмыс
|
13
|
Вакуоль, жасуша орталығы
|
1
|
|
Ұжымдық жұмыс
|
14
|
Практикалық сабақ
|
|
1
|
Шығармашылық жұмыс
|
15
|
Клетка қосындылары
|
1
|
|
Эвристикалық жұмыс
|
16
|
Нәруыздар
|
1
|
|
Топтық жұмыс
|
17
|
Майлар
|
1
|
|
Өздік жұмыс
|
18
|
Көмірсулар
|
1
|
|
Топтық жұмыс
|
19
|
Бейағзалық заттар, су және тұздар
|
1
|
|
Ұжымдық жұмыс
|
Алғы сөз
9 – 10 сыныптарда «Цитология» курсы оқытылады. Бұл курс пәнді тереңдетіп оқытуға арнайы және бағдарлы т.б. сыныптарды ұйымдастыруға негізделген. Пәнді тереңдетіп оқыту оқушылардың белгілі білім саласына тұрақты қызығуын қалыптастыру үшін ең алдымен, қоғамның әлеуметтік сұранысына, биология пәнінің методикалық ұстанымдары мен жүйесіне, оқушылардың жас ерекшелігімен байланысты таным мүмкіндігіне сай жүзеге асырылады.
Осы орайда білім беру мекемелері қызметкерлеріне үлкен міндеттер жүктелері анық. «Егер ісім өнсін десең – ретін тап» деп Абай атамыз айтқанындай, оқыту барысында тек жұмыс жүргізу ғана керек екен демей, біз оның тиімділігіне ерекше назар аударуға тиіспіз. Кез келген сабақ барысында оқытудың жаңа технологиясын ретті, ретсіз пайдалануға жол берілмей, бұл тұрғыда тақырыптың теориялық жүгіне, сыныптағы жеке оқушының қабілетіне, олардың білім деңгейіне қарай қолданудағы мұғалімнің кәсіби шеберлігі, ізденімпаздығы талап етіледі.
Курс өте ауқымды пәнаралық байланыс негізінде құрылып оқытылады.
Курстың мақсаты:
оқытудың қажетті дәрежеде дараландыру, әрбір оқушының қызығу қабілетін анықтау үшін тиімді жағдай жасау;
барынша баланың өздік тәжірибесін анықтау, жетелеу, пайдалану;
алдын – ала белгіленген қасиеттерді қалыптастыру емес, өзін - өзі тануға, анықтауға жүзеге асыруға жағдай тудыру;
бұл курс Елбасының алға қойып отырған бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену
стратегиясын іске асыру үшін білімді де білікті маман кадрларды даярлаудың алғы шарты болмақ. Демек пәнді тереңдетіп оқыту бүгінгі күн талабына сай бәсекге қабілетті жеке тұлғаларды қалыптастыруда маңызды орын алады.
Міндеттері:
Оқушылардың жалпы дүниетанымын дұрыс қалыптастыруда биологиялық ұғымдарды, көзқарастарды, заңдылықтарды, негізгі тірек ретінде пайдалана білу.
Биологиялық заңдылықтарды түсіндіру кезінде күнделікті өмірмен байланыстыра отырып тақырыпқа сай тәрбиелеу.
Оқытудың формалары мен әдістері:
Курста оқытудың интерактивті тәсілдері пайдаланылады. Оқушы өзінің белсенді пікірінде қаралып отырған мәселені шешудің ұсыныстарын айтады. Жеке, топпен ұжымдық жұмыстар атқара отырып, танымдылығы артады.
Цитологиялық танымдық зерттеу, тәжірибе жұмыстарын жасау, қорытындысы бойынша жазбаша және ауызша есеп береді.
Қазіргі кездегі биология мәселелері туралы ғылыми көпшілікке арналған ауызша есеп береді.
Биология мәселелері туралы ғылыми көпшілікке арналған және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей біледі. Интернет материалдарын пайдаланады.
Шығармашылық жұмыстар (жоба қорғау, интернетке шығу) жасау арқылы болжау, анықтау, соларды түсіндіру, қолдану әдістерін түсіндіреді.
Күтілетін нәтиже:
- Оқушының, жеке тұлғалық сипатын айқындау, оларды кәсіпалды дамыту, пән олимпиадасына қатыстыру, жоба қорғату, өзін - өзі бағалау.
- Танымдылық іс - әрекеті, тапқырлығы артады, қызығушылығы оянады.
- Жоғары деңгейдегі оқу дағдылары дамиды, ізденеді, ойларын жеткізеді.
- Жаңа ұғымдардың мәнін дұрыс түсінеді, орынды қолдану біліктілігі артады.
Достарыңызбен бөлісу: |