А нысанаға 71 -ден кем емес 80 нен артық емес рет дәл тиді



Дата07.02.2022
өлшемі28,73 Kb.
#97223
түріСынақтар
Байланысты:
Тапсырма 13 апта


  1. Тәуелсіз 600 сынақтардан тұрақты p=0,4 ықтималдықпен пайда болатын оқиғаның тура 228 рет пайда болуының ықтималдығын табу керек.

  2. Мергеннің нысанаға тигізуінің ықтималдығы 0,75 – ке тең.100 атыста мына оқиғалардың ықтималдықтарын табу керек.

а) нысанаға 71 –ден кем емес 80 – нен артық емес рет дәл тиді,
б) нысанаға 70 – тен артық емес рет дәл тиді,
с) нысанаға 81 – ден кем емес рет дәл тиді.

  1. Тұқымға арналған бидайдың дәндерінің ішінде 0,004% арам шөп дәндері кездеседі. Кез-келген 50000 дәндердің ішінде арамшөптің 5 дәндері кездесетіндігінің ықтималдығы қандай?

  2. Дақыл тұқымының шығымдылығы 80 пайыз болып бағаланған. Егілген 3 дәннің кемінде екеуінің шығым беру ықтималдығы қандай?

  3. Гаражда 5 машина бар. Кез-келген бір моментте машиналардың жұмыс істеу ықтималдығы 0,8 – ге тең.Қалаған бір моментте үш машинаның жұмыс істеуінің ықтималдығы қандай?

  4. Оқиғаның 144 тәуелсіз сынақтарда пайда болу ықтималдығы 0,8 – ге тең. Осы сынақтарда оқиғаның 120 рет пайда болуының ықтималдығы қандай?

  5. Белгілі бір оқиғаның 300 тәуелсіз сынақтарда пайда болу ықтималдығы 0,6 – ға тең. Оқиғаның пайда болуы 250 реттен аспайтындығының ықтималдығын табу керек.

  6. Телефон станциясында әрбір тапсырыс қабылдағанда қате жіберу ықтималдығы 0,009 – ға тең. Станция 1000 заказ қабылдады. Сонда 9 заказды қате қабылдауының ықтималдығы қандай?



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет