12-САБАҚ Шартты сөйлемдер Ағылшын тілінде шартты сөйлемдердің үш типін бөлуге болады.
1. Нақты мүмкіндікті білдіретін сөйлемдер. Оларда бағыныңқы
сөйлемдегі етістік осы шақта, ал басыңқы сөйлемдегі етістік келер
шақта тұрады:
If he
comes , we
shall start the work.
Егер ол келсе,
біз жұмысты бастаймыз
Present Future
2. Осы не келер шаққа қатысты ықтималдығы аз немесе іске
аспайтын шартты білдіретін сөйлемдер. Оларда бағыныңқы сөйлемде
етістік өткен шақ (Past Simple) тұлғасында қолданылады, ал басыңқы
сөйлемде shall және will келер шақ тұлғасының көмекші етістіктері
сәйкес should және would тұлғаларына ауысады («өткен шақтағы келер
шақ» деп аталады — Future in the Past):
If he
came, we
should start the work. Ол
келгенде ,
жұмысты
бастап кетер едік Past Simple Future in the Past
Нақты айтатын болсақ, бұл жерде Subjunctive тұлғалары
қолданылады («Шартты рай» бөлімін қараңыз). Бағыныңқы сөйлемде
Past Subjunctive жай тұлғасы қолданылады, ал басыңқы сөйлемде —
should және
would көмекші етістіктерімен Subjunctive Simple құрамды
тұлғасы қолданылады. Бірақ Past Subjunctive тұлғасы
to be (were
барлық жақтар үшін) етістігі үшін ғана бар, ал қалған етістіктер үшін
бұл мағынада Past Simple пайдаланылады. Басыңқы сөйлемде
Subjunctive Simple тұлғалары Future in the Past тұлғалары сияқты
жасалады («Шақтардың қиысуы» бөлімін қараңыз). Сондықтан осы
шақтың келер шаққа, келер шақтың өткен шақтағы келер шаққа ауысу
тәртібін пайдалана отырып, шартты сөйлемдердің бірінші типінен
екіншісіне ауысу жолын есте сақтап алған оңайырақ.