А. П. Голубев, Н. В. Балюк, И. Б. Смирнова



Pdf көрінісі
бет64/200
Дата19.07.2022
өлшемі2,62 Mb.
#147597
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   200
12-САБАҚ 
 
Шартты сөйлемдер 
Ағылшын тілінде шартты сөйлемдердің үш типін бөлуге болады. 
1.
 
Нақты мүмкіндікті білдіретін сөйлемдер. Оларда бағыныңқы 
сөйлемдегі етістік осы шақта, ал басыңқы сөйлемдегі етістік келер 
шақта тұрады:
If he 
comes
, we 
shall start
the work. 
Егер ол келсе,
біз жұмысты бастаймыз 
Present Future

2.
 
Осы не келер шаққа қатысты ықтималдығы аз немесе іске 
аспайтын шартты білдіретін сөйлемдер. Оларда бағыныңқы сөйлемде 
етістік өткен шақ (Past Simple) тұлғасында қолданылады, ал басыңқы 
сөйлемде shall және will келер шақ тұлғасының көмекші етістіктері 
сәйкес should және would тұлғаларына ауысады («өткен шақтағы келер 
шақ» деп аталады — Future in the Past): 
If he 
came,
we 
should start
the work. Ол 
келгенде

 

жұмысты 
бастап кетер едік
Past Simple Future in the Past

Нақты айтатын болсақ, бұл жерде Subjunctive тұлғалары 
қолданылады («Шартты рай» бөлімін қараңыз). Бағыныңқы сөйлемде
Past Subjunctive жай тұлғасы қолданылады, ал басыңқы сөйлемде —
should
және 
would 
көмекші етістіктерімен Subjunctive Simple құрамды 
тұлғасы қолданылады. Бірақ Past Subjunctive тұлғасы 
to be
(were 
барлық жақтар үшін) етістігі үшін ғана бар, ал қалған етістіктер үшін 
бұл мағынада Past Simple пайдаланылады. Басыңқы сөйлемде 
Subjunctive Simple тұлғалары Future in the Past тұлғалары сияқты 
жасалады («Шақтардың қиысуы» бөлімін қараңыз). Сондықтан осы 
шақтың келер шаққа, келер шақтың өткен шақтағы келер шаққа ауысу 
тәртібін пайдалана отырып, шартты сөйлемдердің бірінші типінен 
екіншісіне ауысу жолын есте сақтап алған оңайырақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет