А. П. Пинкевич педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету әдісі, өтпелі әдісті бөледі. Ұзақ мерзімді әдістер: жаттықтыру, үйрету әдістерінің жүйесі, үлгі өнеге



Дата16.09.2022
өлшемі17,73 Kb.
#149673

1.Тәрбие әдісі дегеніміз оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталаған, жеке тұлғаның ойларын, сезімдерін, қажеттіліктерін туғызып, оны белгілі бір іс - әрекетке итермелейтін тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.Тәрбиешінің іс - әрекеті – оқу – тәрбие процесін басқару, мақсат қою, диагностика, жоспарлау. Тәрбиеленушінің іс - әрекеті тәрбиешіден білім алу, дүние жөнінде көзқарасын білдіру, шығармашылықпен жұмыс істеу. Педагогикалық шеберлік шыңы - әдістерді жобалау, таңдау, дұрыс қолдану.
Қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық өзгерістерге байланысты тәрбие мақсаты мен мазмұнының өзгеруі әдістерді жаңартуда.
Қазіргі кезде әдістердің 11 – ден астам классификациясы бар.
Сипатына қарай топтастырлған әдістер: сендіру, жаттықтыру, мадақтау, жазалау, іс - әрекетті ұйымдастыру. И.С.Марьенко тәрбие әдістерін түсіндірмелі – репродуктивті, проблемалы, үйрету, жаттықтыру, белсенділігін арттыру, тежеу, басшылық жасау, өзін өзі тәрбиелеу деп. топтайды.
Нәтижесіне қарай топтастырлған әдістер: адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар жасайтын әдістер; әдептілікті, тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер.
А.П.Пинкевич педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету әдісі, өтпелі әдісті бөледі. Ұзақ мерзімді әдістер: жаттықтыру, үйрету әдістерінің жүйесі, үлгі - өнеге.
Т.Е.Конникова, Г.СИ.Щукина, В.С.Сластениен жіктеуі мектептерде жиіқолданылады. Олар тәрбие әдістерін төрт топқа бөлген:

  1. Адамгершілік сананықалыптастыратын әдістер.

  2. Іс - әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.

  3. Тәртіпке, іс - әрекетке ынталандыратын әдістер.

  4. Мінез – құлық пені с - әрекетке бақылау жасау, өзін - өзі бақылау, ұйымдастыру, өзіне баға беру.

В.В.Караковский әдістері:

  1. сөзбен тәрбиелеу

  2. іспен тәрбиелеу

  3. жағдаяттармен тәрбиелеу

  4. ойынмен тәрбиелеу

Тәрбие тәсiлдерi дегенiмiз әдiстiң бiр бөлiгi. Тәрбие тәсiлдерi:

              1. Тәрбиенiң мақсаттарын, мiндеттерiн, оларға жетудiң жолдарын ұсыну.

              2. Ақпараттық – ағартушылық

              3. Бағдарлау – iс-қызмет

              4. Қатынас

              5. Бағалау


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет