А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)


Кәрілік жас: эго- интеграция -үмітсіздік



бет8/15
Дата09.11.2016
өлшемі2,29 Mb.
#1324
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

8. Кәрілік жас: эго- интеграция -үмітсіздік

Соңғы психосоциялды стадия адам өмірін аяқтайды. Ол 65 жастан өлімге дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезеңде адамдар өткен шаққа үңіліп, қол жеткен жетістіктері мен жеңілістерін талдап қарастырадды, бұл кезең кәріліктің бастамасы. Осы кезеңдң адамның денсаулығы нашарлап, дене күші кемиді. Эриксонның ойынша бұл кезде адам өмірінің энтеграция аяқталады. Ол дегенің өзінің өткен өміріне ризашылығы және өткеніне өкінбеуі. Оны алдындағы өлім қорқытпайды. Өзінің «Менінің» тұтастылығын сезіну үшін жаңа жолдарды қарастыра бастайды.

Интеграцияға қарама – қарсы дағдарыс – үмітсіздік. Ол өлімге деген қорқыныштан күнделікті «не болар екен» деген ойдың мазалауынан туындайды. Эриксон қарт адамдардың көңіл – күйін 2 топқа бөледі: қайта өмір сүрмейтіндеріне деген өкініш және кемшіліктерін мойындамаушылық. Эриксонның ойынша, өкініш пен үмітсіздік сезімі ақыр соңында қарттарды қарттық депрессияға, апохондрия ұшырауына алып келеді. Қарттарда кең тараған қорқыныш сезімі бұл қарттар үйіне тап болу қорқынышы.

26 дәріс



Тақырып Батыс еліндегі психологиялық зерттеулер.

Мақсаты: Батыс еліндегі психологиялық зерттеулер туралы білім беру.

Дәрістің мазмұны

  1. Кеттелдің тұлға теориясы

  2. Б.Скиннердің тұлға теориясына қатысты зерттеулері.

Рэймонд Бернард Кеттел 1905 жылы Англияда, Стаффордширда дүниеге келген. 16 жасында Лондон университетінің Королдық колледжіне түседі, онда химия және физика басты оқытылады. Оқуды аяқтап, үздік диплом алуға бірнеше айлар ғана қалғанда Кеттел өзінің физика ғылымдары бойынша алған кәсіби білімінің оны әлеуметтік мәселелерге деген қызығушылықтарын қанағаттандырмайтындығын түсінеді. Кеттелдің жеке тұлға теориясының құрылымына көптеген белгілер кіреді. Олар жеткілікті және осы белгілердің тұқымқуалаушылық және қоршаған орта әсерімен байланыстылығын, сонымен қатар, генетикалық фактор мен қоршаған орта факторларының өзара байланыса отырып, мінез – құлыққа әсер етуін құрайды. Кеттел бойынша тұлғаның дамуы мен қызметі теориясы дәл өлшеулер мен зерттеу әдістері арқылы жасалуы тиіс. Оның тұлғаны зерттеу әдістері – мультивариативті статистика мен факторлы талдау.

Персонолог адамның ситуациядағы мінез- құлқын алдын – ала анықтау үшін, тұлғааралық белгілерімен қатар, сол сәттегі тұлғаның көңіл күйі, ситуациядағы маңызды әлеуметтік рөлі сияқты айнымалылықтарды да білуі керек. Сонымен қатар берілген ситуация үшін әр тұлғалық белгіні маңыздылығына қарай да орналастыра алу қажет. Мысалы тұлға эмоционалды қоздыратындай жағдайға тап болса, оның жауап реакциясын алдын – ала анықтауды үйрену белгісін жоғары қою керек. Кеттел спецификация теңдігі формуласы арқылы адамның мінез – құлық формуласын алдын – ала болжап анықтауға болады деді.

Кеттелдің тұлғалық концепциясы - өзі анықтаған тұлғалық белгілердің типтерін сипаттауболып табылады. Тұлға белгілерінің әртүрлі уақыттағы түрлі ситуацияға белгілі бір образда жауап беру тенденциялары болады. Осы тенденциялардың әрекет спекторы үлкен болады. Кеттел факторлық талдау жүргізу арқылы тұлға белгілерін жіктеуге болады деді. Кеттелдің тұлға белгілерін жіктеу принциптерін қарастырайық.

Сыртқы белгілер – негізгі белгілер. Сыртқы белгілер бақылау барысында ерекше бірлікте, байланыста болатын мінез – құлық сипаттамаларының тұтастығын көрсетеді. Мысалы ойлауға қабілетсіздік, шешімсіздік, тынышсыздану көріністері өзара бір – бірімен байланыса отырып, невротизм сыртқы белгісін көрсетеді. Олар үнемі болмайды.

Негізгі белгілер, керісінше тұлғаның негізін құрайды. Адамның мінез – құлқында әр уақытта болады. Олар тұлғаның терең деңгейінде болып, ұзақ уақыт кезеңде мінез – құлықтың түрлі формаларын анықтайды.

Кеттел факторлық талдауды қолдана отырып кең зерттеу жұмысын жүргізіп, тұлғаның негізін қалаушы құрылымы 16 негізгі белгілерден құралған, қалыптасқан деген қорытынды жасады. Соған байланысты «16 тұлғалық фактор» деп аталатын Кеттел саулнамасы қолданылады. (1 кестені қарау).

Конституционалды белгілер – қоршаған орта арқылы қалыптасқан белгілер. Негізгі белгілерді Кеттел олардың шығу көзіне байланысты 2 топқа бөлді. Конституционалды белгілер – индивидиумның биологиялық, физиологиялық ақпаратына байланысты дамиды. Мысалы адамның анашага құмарлығынан сауығуы күтпеген жерден қозу, мазасызданудың себебі болуы мүмкін. Бұл адамның физиологиясындағы өзгеріс оның тұлғалық белгілерінде байқалатындығын дәлелдейді. Қоршаған орта арқылы к – қалыптасқан белгілері - әлеуметтік, заттық қоршаған орта әсеримен байланысты болады. Бұл белгілер үйрену негізінде қалыптасқан мінез – құлық стилін бейнелейді және қоршаған орта арқылы қалыптасқан тұлғаның моделін қалыптастырады.

Жалпы белгілер – айрықша белгілер. Жалпы белгі – бір мәдениет өкілдерінде түрлі деңгейде болатын белгі. Мысалы интеллект, өзін - өзі бағалау, интроверсия. Униалды белгілер – барлық адамға тән емес белгілер, тек бір адамда ғана кездесуі мүмкін. Олар қызығушылық пен бағыт, ұстанымға байланысты болады.

Кеттел бойынша факторлық талдау процедурасын жүзеге асыру үшін мәлімет жинақталуы тиіс. Олар: шындық өмір фактілері (L –мәлімет), анкета арқылы алынған өзіндік бағалау мәліметі (Q – мәлімет) және объективті тест мәліметі (ОТ - мәліметі).

Қоршаған орта мен тұқымқуалаушылықтың рөлі.

Кеттел тұлға белгілерінің дамуына қоршаған орта мен тұқымқуалаушылықтың әсерін анықтауға тырысты. Осындай мақсат негізінде статистикалық процедура – «көпфакторлы абстрактылы вариантты талдау» әдісін өңдеді. Мұнда бір отбасында өскен бір жұмыртқалы егіздер арасындағы және сиблингтер (ағасы мен қарындасы) арасындағы, бірге туған аға – қарындас арасындағы ұқсастықтар жөніндегі мәліметтер жинақталады. Кеттел бойынша, жеке тұлға белгілерінің үштен екісі қоршаған орта әсерінен, ал үштен бірі ғана тұқым қуалаушылықтың негізінде қалыптасады. Адамның мінез – құлқына оның өз тобы маңызды әсер етеді (отбасы, құрдастарының ортасы, мектеп, ұлты).

Баррес Фредерик Скиннер Пенсильванияштатының Саскуэхан қаласында 1904 жылы дүниеге келді. Тату – тәтті жанұясында тәртіп қатал болғанымен білім құрметтеліп, қажет кезде мақтау да айтылып отырды. Балалық шағында уақытының көп мөлшерінұсақ нәрселерді, мысалы, самокат, әлпеншектерді оңдауға бөледі. Осы қызығушылығы кейінен бақылауға деген ұмтылысқа ауысты.

Скиннер 1926 жылы ағылышын әдебиетінен гуманитарлық ғылымдарының бакалавры деңгейін алып шығады. Колледж бітіріп жазушы болуға үйіне келеді. Бірақ ақын Роберт Фростың «Мен мақсатсыз оқып, мақсатсыз кемелердің құрылысын жасап, тек жаңа радиотолқындарды тыңдап, жергілікті газеттерден күлкілі мақалаларды оқыппын. Бірақ ештеме жазбай тек психиаторға баруды ойладым.» деген хатында ол мақсатын өзгертті. Соңында Скиннер жазушылықтан бас тартып, психологияны оқып, меңгеру үшін Гарвардтық Университетке түседі.

Сктннердің ғылыми қызметі көптеген мақтау қағаздарымен толтырылды. Ол көптеген кітаптардың авторы болып табылады. Оның кітаптарының ішінде «Ағзаның мінез – құлық әрекеттері», «Адам ғылымы және мінез - құлқы», «Вербальды мінез – құлық», «Нығаю тәртібі» сияқтылары ерекше бағаланады.

Скиннер қоршаған ортаның жағдайларымен мінез – құлықты жеткілікті түрде айқындап, алдын – ала айтып, оны бақылауға болады дейді. Мінез құлық іс - әрекетін түсіну – оны бақылау дегенді білдіреді.

Мінез – құлық талдауларында адам мінез – құлық реакцияларының жиынтығын игерген ағза болып қаралады. Ол – генетикалық шарттардың және айналадағы жағдайлардың біріккен істерінде қосылатын нүктесі, локусы. Ешкім ол адамдағыдай генетикалық белгілерге ие емес және ешкімде ол адамдағыдай өткен өмір жоқ.

Скиннер бойынша жеке тұлғаны зерттеу – ағзаның мінез – құлқы және оны нығайтатын арасындағы өзара қарым – қатынастың өзіндік бейнелі сипатын анықтау болып табылады.

Б.Ф. Скиннердің теориясындағы респондентті және оперантты мінез – құлық.

Скиннердің оперантты үйретуін дұрыс түсіну үшін мінез – құлықтың әртүрлілігін екіге: респондентті және оперантты деп бөліп, ең бірінші респондентті мінез – құлықты қарастырамыз.

Респондентті мінез – құлық - белгілі бір ынтаның сипатты реакциясы болып табылады. Мысалы, жарыққа жауап ретиндеги көз қарашығының қысылып немесе кеңейюі, салқанға шыққан кездегі діріл. Әрбір мысалда стимулы немесе реакцияның (мысалы, көз карашығының кеңеюі мен жарықтың төмендеуі) арасындағы өзара қатиынас еріксіз және асығыс болады. Сонымен қатар респондентті мінез – құлық автономды жүйке жүесі бар рефлекстермен бирге жүреді. Алайда респондентті мінез – құлыққа үйретуге болады. Мысалы, әншінің немесе басқа біреудің көпшіліктің алдына шығар алдындағы терлеуі, оның респондентті мінез – құлықты көрсетуімен аяқталады.

Оперантты мінез – құлық реакциядан кейін жүретін оқиғамен анықталады. Скиннер оперантты мінез – құлықтың қалай, қайдан пайда болатыны талдаудың мәні жоқтығын түсінді. Себебі, оперантты мінез -құлықтың стимулы немесе ішкі себебі белгісіз. Ол спонтанды бурде жүзеге асады.

Оперантты мінез – құлықты зертееу үшін Скиннер еркін оперантт әдіс деп аталатын жолды ойлап шығарды. Жартылай аш егеуқұйрықты ішінде тетік пен тамаққа арналған ыдыс бар бос «оперантты камераға» салады (оны «Скиннер жәшігі» деп атайды). Әуелі егеуқұйрық опенранттардың көптеген түрлерін көрсетеді: жүреді, иіскейді, тырналайды, өзін тазартады және кіші дәрет жібереді.

Еңсоңында танымдық әрекетінің барысында егеуқұйрық автоматты түрде тамақты ыдысқа түсіретін тетікті басады. Тетікті басудан тамақтың түсуіне ықтималдық аз, яғни біз 24 сағатқа дейін тетікті басқаннан тамақ түсетініне сене алмаймыз, ең соңында ықтималдықтың көбейгеніне көзіміз жетеді. Осының негізінде үйрету жүзеге асады. Мұның соңында егеуқұйрықтың тетіктің және ыдыстың қолында көп өткізетіні байқалады. Ал уақыт өткен сайын ол тетікті одан сайын жиі басады. Оперантты үйрету жағдайында егеуқұйрықтың мінез – құлқы инструментальды болады, ол нығаюды туғызып, қоршаған ортаға қызмет жасайды. Егер осыдан әрі қарай бекімейтін тәжірибелер жүрсе, яғни азық әрқашан тетікті басу реакциясынан кейін пайда болмаса, онда егеуқұйрық тетікті басуды қойып, экспериментальды сөну болады.



Скиннердің оперантты үйретуіндегі нығаю мәселесі

Оперантты үйретудің мәні – нығайған мінез – құлықтың қайталанатындығында, нығаймаған мінез құлықтың қайталанбауғатырысатындығында. Яғни нығаю концепциясы Скиннер теориясында маңызды роль ойнайды.

Сонымен қатар оперантты үйретуге үзілмелі нығайтулар әсерін тигізеді. Көптеген нығайту тәртіптерін екі негізгі параметрге сәйкес түрге бөлеміз:

1.Нығайту алдыңғы нығайтудан кейін белгілі бір немесе кездейсоқ уақыттың интервал өткесін ғана маңызды болып көрінеді. Мұны уақыттық нығайту деп атайды.

2.Нығайту маңызды орынды тек нығайту сәтінен бері көптеген айқын немесе кездейсоқ реакция көлемдері алынса, маңызды орын алады. Бұл пропорционалды тәртіп деп аталады.

Үйретумен айналысатын теоретиктер нығайтудың екі типін мойындайды: бірінші және екінші.

Бірінші нығайту – бұл нығайтатын қасиеттер бар қандай да болмасын объект немесе оқиға. Адамдар үшін бірінші нығайту стимулы – азық, су, физикалық қоқайлылық. Олардың құндылықтық мәні үйретуге тәуелді емес.

Екінші немесе шартты нығайту – бұл өткен тәжірибемен шартталып, бірінші нығайтумен тығыз ассоциациялану арқылы қасиеттерге ие болған қандай да болмасын объект немесе оқиға. Оған мысал ретінде адамдарда көңілдің, бауыр басушылықтың, жаңа бағалардың пайда болуы.

28 дәріс

Тақырып Шетелдік психологияның жаңа бағыттары


  1. Неофрейдизм бағыты дамуы (К.Хорни, Г.Салливан).

  2. Гуманистік психология сипаты (А.Маслоу, Г.Олпорт, К.Роджерс).

Абрахам Харальд Маслоу Нью –Йорктің Бруклин деген жерінде 1908 жылы дүниеге келген. Адамға деген экзистенциалистік көзқарас нақты уақыт пен кеңістікте өмір сүретін және адам болмысының бірегейлігін нақты және спецификалық түсінуден бастау алады.

Экзистенциалисттер біздің әрқайсымыз тіршілік әлемінде өзіміздің тірлігімізді және ақырғы өлімімізді саналы және ауыр қабылдап өмір сүреміз. Біз әлемнен тыс тіршілік етпейміз және әлемнің біздерсіз мәні жоқ.

Экзистенциалисттер адамның тұқымқуалаушылық факторының немесе қоршаған орта әсерінің жемісі деген түсінікті жоққа шығара отырып, біздің әрқайсымыз соңында өзіміздің кім екенімізге және кім болып қалыптасатынымызға жауаптымыз. Сартр айтқандай: «Адам өзін - өзі қалыптастырушы. Бұл экзистенциялизмніңбірінші принципі». Олардың ойынша, біздің әрқайсымызға шақыру міндеті тұр. Бірегей адам – заттық еркіндік және жауапкершілік ауыр, әр үрей тудыратын міндет болуы мүмкін. Экзистенциалистердің көзқарасы бойынша, адамдар өздерінің тағдырлары үшін жауапты екеніне сезінеді, сондықтанда олар түңілу, жалғыздық және мазасызжық сезімдерін бастан кешіреді.

Белгілі бір уақытта берілген орында ағымына тасталған адамдардың өздері істейтін әрекетті таңдауға жауапты. Бұл егер адамдарға таңдау еркіндігі берілсе, онда олар міндетті түрде өздерінің қызығушылықтары арқылы іс - әрекет жасайды деген сөз емес.

Таңдау еркіндігі – бұл таңдау мүлтіксіз және саналы болуына кепілдік бермейді.

Егерде бұл солай болса, адамдар түңілу мен мазасыздықтан, кінәдан және т.б. көптеген жағымсыз әсерлерден жапа шекпес еді. Экзистенциалистік философия әр адам өз іс - әрекеті үшін жауапты деп түсіндіреді. Бұл гуманистік психологияның көзқарасымен сәйкес келеді. Гуманист теоретиктер сондай – ақ әр адамөз іс -әрекетінің және өмірлік тәжірибесінің басты құрылысшысы деген көзқарасты ұсынады. Адамдар – ойлаушы тіршілік иесі, өзіс - әрекетінің шешуші және еркін таңдаушы.

Гуманисттік психолог үшін бұл көзқарас нағыз трагедия және ол өоның өмірлік мүмкіншіліктерін шектейтіндіктен адамның кім болатынын белгісіздікке ұрындырады. Егер кімде кім нақты өмір сүруден бас тартса сатқын болады. Кімде кім адами мәнін сатса да, тіршілігінің негізгі сұрақтарын шешуге қабілетсіз болып келеді.

Сонымен, экзистенциалисттер біреуге оның жалғыз шындық субъективті немесе жеке, бірақ объективті емес. Экзистенциалисттер де, гуманисттік психологтар да субъективті тәжірибенің маңызы. Адамдарды зерттеу мен түсінудің негізгі феномені деп қарастырады.

Маслоу айиқандай: «Тәжітибені еш нәрсе де ауыстыра алмайды.» өзінің әр түрлі теориялық еңбектерінде гуманисттік жеке тұлға теориясын өзіндік қорытындыларды жасады. Оның персональдық бағыты соңғы 50 жылда басым болып келген. Әсіресе психоанализден, бихеоваризмнен ерекшеленуі.

Біртұтас ретіндегі индивид. Маслоудың гуманисттік көзқарасының негізгі тезисі әр адамды біртұтас ұйымдасқан бірлік ретінде зерттеу қажет. Маслоу психологтар көп уақыт басты зерттеуде бөлек құбылыстарды талдауға мән бергенін білді. Осы метафораны қолдана отырып, психологтар орманды емес, ағаштарды зерттеген. Маслоудың теориясы алғашқыда адамның индивидуалдығын бұрмалайтын бөлек іс - әрекет құбылыстарымен айналысатын осындай теорияға қарсы дамиды. Маслоу үшін адамның қалың генетикалыұқ психологиясының нақты баяндауынша: «біртұтастық – оның бөлшектерінің суммасынан ерекшеленеді және одан көп». Маслоудың теориясында мотивация оның организмнің бөліктеріне ғана емес адамға тұтастай әсер етеді. Маслоу жеке тұлғаның орталық сипаты бірлік және жалпы да деді.

Жануарларға эксперемент жүргізудің орынсыздығы. Адамның және жануардың іс - әрекетінің арасында үлкен айырмашылықты мойындайды. Олар үшін адам – жай жануарларға қарағанда, жоғарырақ, тіршілік иесінің ерекше түрі. Адамның жануар әлеміне жататынын мойындайтын бихевористерден ерекшеленген. Маслоу адамды басқа жануарлардан өзгеше деп қарастырады. Адамды түсінуде жануарды қолдану орынсыз. Өйткені тек адамға ғана тән мысалы, идеал, құндылық, ерлік, сүйіспеншілік, қызғаныш, кінә сияқты сипаттарды бұрмалайды.

Адамның ішкі табиғаты. Фрейдтің теорясы бойынша адамдар санасыз және иррационалды күштердің ықпалында болады. Егер инстинкті импульстарды бақыламаса, онда оның нәтижесі адамның өздерімен өзгелерді құртуы болып табылады. Маслоу бойынша адамдардың бойындағы бұзушы күштер қандай да бір туа біткен кемістік емес, фрустрацияның немесе қанағаттандырылмаған қажеттіліктердің нәтижесі болып табылады.оның ойынша әр адамның бойында табиғатынан жағымды өсуіне жіне өзін - өзі қалыптасуына деген потенциялды мүмкіндіктер береді.

Адамның шығармашылық потенциялы. Маслоу алғаш болып шығармашылықты адамның әмбебап сипаты деп көрсетті. Оны адам табиғатының бөлінбес құрамы ретінде сипаттай отырып, Маслоу шығармашылықты адамның барлығында туа пайда болатын бір қыры деді. Кейбір адамдар бұл қасиетті жоғалтқан адамдар арасында болса да, заттарға жаңа тікелей қараудың әдебін сақтап қалады және оны уақыт өте келе қалыптастыруға қабілетті. Мслоудың пікірінше шығармашылыққа қабілеттілік біздің әрқайсымыздан болғандықтан ол арнайы талап пен қабілеттілікті талап етеді. Шығармашылық атағы болуы үшін кітап жазудың, музыка ойлап шығарудың немесе бейнелеу өнерінің қажеті жоқ. Мұны салыстырмалы түрде кейбір адамдар жасайды. Шығармашылық - өзін-өзі көрсетудің барлық формасына әкелетін адамның әмбебап қызметі. Мысалы, шығармашылық диск – жекей, програмисттер, бизнесмендер, сатушылар, колледждің профессорлары да болуы мүмкін.

Психикалық денсаулыққа қойылатын акцент. Маслоу Фрейдтің ауруларды паталогия және жаман бейімделудің зерттеуін сынады. Ол психоаналитикалық теория бір жақты, оған жан – жақтылық жетіспеді деп есептеді. Бұл кемшілікті түзеу үшін Маслоу психикалық дені сау адамға көңіл бөлді және ол адамды түсінуге психикалық аурумен салыстыруменбасқа көзқараспен қарады. Ол біз психикалық ауру адамды, психикалық дені сау адамды әмбебап психологияның ғылымының негізі ретінде қажет деді. Гуманисттік психология өзін - өзі жетілдіру, адам өмірінің негізгі тақырыбы – психикалық ауытқуы бар адамды зерттеу мен шщектеліп қоймайтын тақырып деп есептеді.

Маслоудың еңбектері 1960-1970 ж.ж/ғы психологтар арасында қолдау тапты. Оның қуанышты, махаббатты, шығармашылықты, таңдау мен өзін - өзі жүзеге асыруды зерттейтін бағытты адамның іс - әрекетін механикалық және дегуманизациялық моделдеп қарастырушылар үшін оптимистік альтернатив болды. Сонымен гумманистік психология дені сау адамды үйлесімді жеке тұлғаның дамуының шегіне жеткен адамды зерттейді. Сонымен қатар Маслоу мотивацияны зерттеу арқылы «қажеттілік иерарсиясын» жасады. Ол мына деңгейден тұрады:

1.Физиологиялық қажеттіліктер – бұл төменгі дене организмдерін басқаратын қажеттіліктер. Тыныс алу, тамақ қорғаныш қажеттіліктері, және сексуалды қажеттіліктер.

2. әлеуметтік қажеттіліктер – бір адамды бір ғанаадамдармен қарым – қатынас қанағаттандырады. Кейбіреуінде қарым – қатынас қажеттілігі өте күшті көрінеді.

3. сенімділік қажеттіліктер – материалдық жағдайға ұмтылу, денсаулық, қартайғандағы қамтамасыздық және т.б.

4. сыйлау қажеттіліктер - өз беделін түсіну, мұнда сыйласу, бедел, әлеуметтік табыс маңызды.

5. жеке адам дамуы қажеттіліктері - өзін - өзі дамыту белсендіру, әлемдегі өз орнын түсіну.

Маслоу мынадай мотивация принциптерін анықтады:


  1. мотивтер иерархиялықжүйеден тұрады.

  2. Мотив деңгейі жоғары болса, өмірге – керек қажеттіліктер өседі.

  3. төменгі қажеттіліктер өтелмей тұрып жоғары қажеттіліктер қаралмайды.

  4. Қажеттіліктер көтерілсе, белсенділікте дамиды.

Жақсы жағдайдың болмауынан адамның (тамақ, демалу) физиологиялық қажеттіліктер маңызды қажеттілікке айналады. Егер базалық қажеттіліктер қанағаттандырылса адамда жоғары қажеттіліктер (даму, өзін - өзі түсіну, өмір маңыздылығын іздеу) көрінеді. Көптеген адамдарға «өмір невразы» тән. Сонда адам өзіне не үшін өз өмірімнің мағынасын түсініп, өзінің қабілетінбарынша дамытса ол біртіндеп жеке тұлға дамуның жоғары деңгейіне жетеді.

К.Роджерс бойынша адам психикасында 2 туа пайда болатын тенденция бар.

1. Өзін - өзі өзекткндіретін тенденция

2. біздің ағзалық үрдіс – жеке тұлғаның дамуының бақылауы мен механизмі. Бұл тенденцияның негізінде адамның даму үрдіснде «мен» деп аталатын ерекше тұлғлық құрылым пайда болады. Оған «идеалды мен» және «реалды мен» кіреді. Бұл екі құрылым толықтай үйлесімділіктен толықтай үйлесімсіздікке дейін өзара курделі қарым–қатынаста болады.

К. Роджерс бойынша өмірдің мақсаты туа берілетін потенциялдытолық жүзеге асыратын тоықтай қызмет атқаратын адам болу, яғни өзінің барлық қыбілеттерін, талантын қолданып, жүзеге асыратын өз потенциалын толық пайдаланатын және толықтай өзін тануға ұмтылатын өзінің ішкі әлемін шыни табиғатын білуге ұмтылатын адам болу.

29 дәріс



Тақырып Қазақстандағы психология ғылымның дамуы мен қалыптасу кезеңдері.

Дәрістің мазмұны

  1. Қазақстанда психология ғылымының даму кезеңдері мен ерекшеліктері.

  2. Белгілі қазақ психологтары және олардың еңбектері

Қазақстанда психология ғылымының даму кезеңдері:

    • Ерте замандардағы ‑ Әл-Фараби, Абай, Шәкәрімнің психологилық ілімдері.

    • Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдерде, сондай-ақ 20-жылдарда ‑ М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов еңбектері.

    • 30 жылдары қазақ психология ғылымының жекелеген мәселелері Ә.Сыдықовтың (1898-1983), С.Қожахметовтың (1910-1945), С.Балаубаевтің (1902-1972) педагогикамен астарласа жазылған біршама кітапшалар мен мақалалары жарық көрді.

    • Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда, 1947 жылы Абай ат. ҚазПИ-де республика бойынша тұңғыш психология кафедрасы құрылуы.

    • 1947-1953 жылдары Қазақ университетінде логика және психология мұғалімдерін даярлайтын бөлім

ашылуы.

    • 1952 жылы Республикада психология саласында алғаш диссертация қорғаған ұлт кадрлары – Е.Суфиев, Ә.Темірбеков, М.Мұқанов сынды ғалымдардың шығуы.






Хронология

Кезең мазмұны

Маңызды нәтижелер

1

ҮІ‑ХІҮғ.ғ.

Ежелгі түріктердің материалдық және рухани мәдениетіндегі дамның ішкі жан дүниесі жайлы түсініктерінің қалыптасуы. Араб түркі өркениетінің рухани өнімдері.

Ежелгі түркі ескерткіштеріндегі көшпелілердің психикалық құбылыстар жайлы алғашқы эмпирикалық білімдердің басталуы. Жан мен тән проблемалары. Әл Фарабидің ішкі жан және сыртқы жан қуаттары туралы ілімі. Түркі тілдес халықтардың алғашқы психологиялық терминологияның тысын жасау талпыныстары.

2

ХҮ‑ХІХғ.ғ.

Қазақ психологиялық ой‑пікірдің пайда болуы.

Алғашқы қазақ мемлекеттік тілінің пайда болуына байланысты төл‑тума қазақ мәдениетінің қалыптаса бастауы. Осыған сәйкес көшпенділердің психологиялық ой‑пікірі пайда болды. Қазақ жырауларының, дала ғұламаларының еңбектерінде ақыл‑ой, ерік, адамгершілік сезімі туралы көзқарастардың дамуы. Қазақ фольклорындағы психика туралы идеяларыдың шығуы.

3

ХІХғ.2жарт. –ХХғ.басы

Қазақ психологтарының жалпы ғылыми алғышарттарының қалыптасуы.

Психологиялық еңбектерде психологиялық ұғымдардың жасалуы. Тұлғаның этнопсихологиялық ілімдері жасалды. Психологияның жеке салаларының өркен жайуы.

4

ХХғ. 20‑60ж.

Қазақстандағы кеңестік психологияның дамуы.

Жаңа мектептер жүйесінің дамуы, сауатсыздықты жою. Педагогикалық психологияның қарқынды дамуы. Қазақ ғалымдарының ғылыми психология саласындағы еңбектерінің шығуы (М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов).

5

ХХғ.1945‑1990ж.

Қазақстандағы психологияның соғыстан кейінгі қалыптасуы мен дамуы.

ЖОО‑да психология кафедраларының ашылуы. Күндізгі және сырттай аспиратураның пайда болуы. Психология бойынша ғылыми диссертациялардың қорғалуы. Ғылыми оқулықтар шығады. КССРО психологтарының Қазақстандағы қоғамының пайда болуы.

6

1991ж. бүгінгі кезеңге дейін

Посткеңестік немесе тәуелсіз, егемен мемлекет ретінде даму жолына түсуі.

Этнопсихологиялық ғылымдардың пайда болуы. ЖОО‑да психология бойынша диссертациялық кеңестер ашылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет