А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)


Тақырып Ежелгі Шығыстағы психологиялық ой-пікір. Мақсаты



бет36/145
Дата06.02.2022
өлшемі2,29 Mb.
#38052
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   145
Тақырып Ежелгі Шығыстағы психологиялық ой-пікір.
Мақсаты: Ежелгі Шығыстағы психологиялық ой-пікірлер жөнінде білім беру.
Дәрістің мазмұны:

  1. Ежелгі Египет, Үнді жерлеріндегі алғаш психика туралы пайда болған көзқарастар.

  2. Ежелгі Қытайдағы психика туралы білімдердің мазмұны.

  3. Ежелгі шығыс ғұламаларының ой‑пікірлері.

Ежелгі Египетте «Менористтік теология ескерткіші» табылған. Онда әлемді жаратушы Птах деген құдай делінген. Птах адамның жүрегі мен тілін басқарып отырады. Сезім мүшелеріне ол өзі мүмкіндік береді. Сезім мүшелері жүрекке ақпарат жеткізеді. Осы ежелгі папируста: «кез‑келген сананы шарты бұл денелік ағзаның негізі болып табылатын – жүректің қызметі» дейді. Тіл – жүректің ойлаған нәрсесін қайталайды. Психиканы бақаратын жүрек деп есептеген. Шығыс елдерінде – психиканы қызметі шешуші рөлде қан айналымы басқарады деп айтады.
Б.э.д. 8ғ. Қытайда «Ішкі дене жайлы» кітап деген табылады. Онда былай делінген: «дененің патшасы жүрек, ол өмірдің негізі – ауа тәрізді ЦИ» деген. Ағзадағы басқа бөліктермен араласы отырып ЦИ физиологиялық функциялармен бірге психиканың функциясын атқарады дейді. Ол адамға сөйлеу және ойлау қабілеттерін береді. Ой – жүректе, сезім – бауырды шоғырланған дейді.
Ежелгі үнді дәрігерлерінің пікірінше:«психикалық іс‑әрекеттің негізгі ағзасы – жүректе орналасқан» деп есептейді.
Қытай және үнді дәрігерлері темпераменттің 3 негізін айтты: Ци, Өт, Шырын.
Қытай дәрігерлері адам типтерін былайша бөледі: «Егер өт‑қан басым болса батыл болады. Егер ЦИ басым келсе, адам қызу, қозғалғыш, ұшқалақ болады. Егер шырын басым болса – жай, баяу болады».
Б.э.д. 1 мың жылдықты ортасында философиялық мектептер қалыптасты. Мұнда да «жан» мәселесі қарастырылады. Оны этика мәселесі тұрғысында қараған, яғни адам өалай бақытқа жете алады, жүрісі, тұрысы т.б. психологиялық ерекшеліктерімен байланысып қарастырылған.
Үнді ғұламаларының пікірінше «жан‑көшіп‑қонып жүреді. Істеген қылығына байланысты ол бір нәрсеге қонады» дейді. Жан мәңгі өмір сүреді.
Карма‑ Нирванаға жету (азат болу) деген бар. Б.э.д. 6ғ. Үндістанда буддизм (жайнизм) діні пайда болады. Жайнизм діні бойынша «тән жанды тұсауда ұстап отыратын дене» делінген. Буддизм – «жан ерекше мәнге ие емес. Жан, психика – қайталанбас сәт, күй деп түсіндірілген. Олар ауыспалы деп сипатталады».
Ежелгі үнді мәдениетінің пікір бойынша психикалық әрекеттердің басты ағзасы жүректе делінген. Тек жүрек – орталық. Ауа «жан» процестеріне ие, ал тірі нәрселердің барлығы орталықпен байланысты.
Кейіннен пайда болған философиялық мектептер (Санкхья, Веданта, Иога, Миманса, Ньяя) «жанды» ‑ метафизика, этикалық тұрғыдан зерттеген.
Веданта – Упанишада мектебінің идеалисттік тенденциясын дамыта отырып, «Нағыз Мен» ерекше интуитивті сана. Онда субьект пен обьект, ішкі мен сыртқының айырмашылығы жоқ деген.
Иога – шындыққа жету үшін оған кедергі келтіретін «психикалық әркеттердің» барлығын басу керек дейді. Иога мынадай тәсілдер жүйесін ойлап тапқан: 1. Дене функцияларының реттеушісін; 2 Ішкі психикалық актілер – зейін мен ойлауды қосады. Ежелгі Шығыстағы ойшылдардың психологиялық көзқарастарына тоқталсақ:
Лаоцзы (б.э.д. ІҮғ.аяғы –Үғ.басы) – «Дао‑Дэ‑Цзин» кітабын жазған. Натурфилософиялық тұрғыдан түсіндіріп, барлық тіршілік иелерін табиғатпен тығыз байланыстырған.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет