6. Ерте кәмеллеттік жас: интимділік - оқшаулану Алтыншы психосоциялды стадия ересектік өмрдің бастамасы болып табылады. Жалпы айтқанда бұл кезең ерте некелесуге деген дайындық және отбасылық өмірдің басталуы. Бұл кезең 20 жастан 25 жас аралықты қамтиды. Осы кезде адам басқа адамдармен интимді қарым – қатынасқа түсуге толық дайын болып келеді. Осы кезде жас адамдар мамандық алуға бағытталады. Эриксонның ойынша бұл кезде адам басқа адамдармен интимді қарым – қатынасқа түсуге толық дайын болып келеді. Осы кезге индивидиумның сексуалды әрекеттері эго – теңдікті іздеу мақсатында жүріп отырды. Керісінше, ерте теңдікке қол жеткізген тұлға кейін тұлғааралық қарым – қатынастарға түсуге дайын болып келеді.
Бұл стадиядағы қауіпті дағдарыстың бірі – оқшаулану. Ол дененің тұлғааралық қарым – қатынастарға түсуден қашу және өзіне артық сын көзбен қарау. Нақты, сенімді тұлғаралық қарым қатынасты орнатуға деген қабілетсіздік тұлғаны жалғыздықты сезінуге, ортадан алшақтауға (соның ішінде әлеуметтік ортадан) апарып соғады. Оларға интимділікпен байланысты қарым – қатынастар қауіпті болып көрінеді, өздерін көрсетуден қашқақтайды, әріптестерімен қарым – қатынаста қызығушылық танытпайды. Оларға бәрінен шетте жүру тән болып келеді.
Бұл дағдарыстан шығудың жолы – махаббат болып келеді. Эриксон махаббатты былай суреттейді: ол адамның басқа адамға өзін сеніп тапсыруы және бұл қарым – қатынасқа тұрақты болып қалуы. Махаббат өзара тиімді қамқорлық, сыйластық, басқа адам алдында өзін жауапты сезіну.