Коллизиялық мәселе
— әлдебір қҧқықтық қатынасқа, әдетте,
халықаралық жеке қҧқықта қолданылуы тиісті қҧқықты таңдау
мәселесі. Егер қҧқықтың ӛзге салаларында заңдар коллизиясы
екінші кезекті бағынышты мәнге ие болса, мҧнда бірқатар елдерде
коллизиялық қҧқық атауына ие болуынан байқалатын дәл осы
263
коллизиялық мәселе және оны жою осы қҧқықтық саланың негізгі
мәнін қҧрайды.
Коллизия қандай жағдайларда қай мемлекеттің қҧқығы қайсы
мемлекетте
қолданылуы
тиісті
екендігін
нҧсқайтын
коллизиялық
деген атауға ие болған нормалар кӛмегімен
жойылуы мҥмкін. Қҧқық саласындағы нормалар процессуалды,
коллизиондық және материалдық-қҧқықтық деп бӛлінеді.
Азаматтық кодекстегі, конституциядағы нормалар – материалдық-
қҧқықтық. Олар тараптардың қҧқықтары мен міндеттерін тікелей
және біржола анықтайды. Коллизиондық нормалардың мақсаты
біршама басқа. Олардың міндеті қҧқықтық қатынастардағы
тараптардың қҧқықтары мен міндеттерін анықтау емес, осындай
қҧқықтар мен міндеттерді анықтау ҥшін қандай ҧлттық қҧқық
қолдануға жарайтынын анықтауда. Сондықтан коллизиондық
нормаларды кейде сілтемелік деп те атайды.
Коллизиондық норма екі бӛлімнен тҧрады. Бірінші бӛлім -
кӛлем, екінші бӛлім -сілтеме
56
. Кӛлем – бҧл қолданылатын
қҧқықты анықтауды қажет ететін, нақты қҧқықтық қатынасты
кӛрсететін, коллизиондық норманың бӛлігі. Сілтеме берілген
қҧқықтық қатынасқа қолданылатын қҧқықты кӛрсетеді.
Бҧл қҧқық анықталғаннан кейін қҧқық қолданушы орган
қолдану қҧқықғына сәйкес нормаларды, реттеуші қҧқықтық
қатынастарды анықтап, оларды қолдануы қажет. Мысалы,
коллизиондық норма тӛмендегідей тҧжырымдалуы мҥмкін:
«келісімшарт бойынша тараптардың қҧқықтары мен міндеттері
оның жасалу орнының қҧқығымен анықталады». Бҧлай болған
жағдайда «келісімшарт бойынша тараптардың қҧқықтары мен
міндеттері» сӛздері коллизиондық норманың кӛлемі болып
табылады, ал «оның жасалу орнының қҧқығымен анықталады»
сӛздері – коллизиондық нормаға сілтеме.
Әрбір мемлекеттің ӛзінің меншіктік коллизиялық нормалары
болады. Қазақстанда - қазақстандық, Францияда - француздық,
Англияда - ағылшындық. Халықаралық жеке қҧқықтың
56
Международное частное право. Учебное пособие. /Отв. ред. М. А. Сулейменов. –
Алматы: Ғылым, 1998. –45 б.
264
қағидаларының бірі әрбір мемлекеттің соты тек ӛзінің
коллизиондық нормаларын қолдануында болып табылады.
Сондықтан,
қҧқықтық
қатынастардың
қай
мемлекетте
қаралғанына байланысты бір жағдайда сәйкес қҧқықпен реттелуі,
басқа жағдайда басқа қҧқықпен реттелуі мҥмкін, себебі
коллизиондық
нормалардың
мазмҧны
сәйкес
келмейді.
Қазақстанда әлдебір коллизиондық қағидалар, ӛзге мемлекеттерде
басқа қағидалар қолданылуы мҥмкін
57
. Бірақ сот колизиондық
нормаларды қолданғанға дейін және соның негізінде сотпен
қарастырылып отырған қҧқықтық қатынастарды тікелей және
біржола реттеуге қолданылатын қҧқықты анықтағанша, ол
берілген қҧқықтық қатынастарды, берілген дауды қарауға қҧзырлы
екендігін шешуі керек. Ол ҥшін әрбір мемлекетте юрисдикция
алқа нормалары деп аталатын арнайы ережелер бекітіледі. Олар
қандай жағдайларда әлдебір мемлекеттің соты қайсыбір қҧқықтық
қатынасты
қарастыруға
қҧзырлы
екендігін
анықтайды.
Нәтижесінде келесі логикалық тізбе шығады. Әлемде әртҥрлі
қҧқықтық жҥйелердің болуы себепті шетел элементі бар қҧқықтық
қатынастардың пайда болуы сӛзсіз. Тараптар келісімге келмеген
және қҧқықтық қатынастарды реттеу қажеттілігі туындаған
жағдайда соттың біліктілігін анықтау қажет. Соттың біліктілігі
әрбір мемлекеттің заңнамасында болатын ішкі нормаларға
негізделіп анықталады. Аталмыш нормалардың ӛзара сәйкес келуі
мҥмкіндігі себепті юрисдикцияның жағымды деп аталатын
коллизиясы пайда болады. Бҧл бір қҧқықтық қатынастың, бір
даудың қазақстандық сотпен қаралуы сияқты, мысалға, неміс,
француз соттарымен де қаралуы мҥмкін болатын жағдай. Яғни
барлығы тараптардың еріктеріне байланысты. Олардың неміс,
қазақ және француз соттарына жҥгінуге қҧқығы бар, себебі неміс,
қазақ және француз соттарының процессуалдық нормаларында
бҧған рҧқсат етілген. Сот ӛз елінің заңнамасының нормаларына
сәйкес дау шешу қҧқығын анықтағаннан кейін, ол шетелдік емес,
57
Международное частное право.Учебное пособие. /Отв. ред. М. А. Сулейменов. –
Алматы: Ғылым, 1998. – 8 б.
265
ӛзінің нормаларын қолданады. Сот дауды қарауды бастайды.
Әдетте, ол қҧқықтық қатынасқа қолданатын қҧқықты ӛзінің
коллизиондық нормасына сәйкес анықтайды. Содан кейін ол
ондағы сәйкесінше нормаларды табады немесе тараптар оған
берілген қҧқықта сәйкес норма бар екенін дәлелдейді. Содан соң
ол берілген норманы қолданады, берілген шетел элементі бар
қҧқықтық қатынастағы тараптардың қҧқықтары мен міндеттерін
анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |