А. Соловьева, Б. Ибраимова


Биотехнология – биологиялық үдерістер мен



Pdf көрінісі
бет264/361
Дата07.02.2022
өлшемі5,3 Mb.
#93076
түріОқулық
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   361
Байланысты:
8 сынып биология окулык.pdf

Биотехнология – биологиялық үдерістер мен 
тірі ағза ларды өнеркәсіп өндірісінде қолдану. 
Бұл – адамзат білімінің салыстырмалы түрде жас 
Биязы жүндi қой 
қолтұқымы
107-сурет.
Қой 
қолтұқымдары
Арқармеринос қой 
қолтұқымы


216
саласы. Терминнің өзі 1970 жылдары енгізілсе де, ашытқылар мен бак-
териялар сыра қайнатуда, ірімшік дайындауда, шарап жасауда және нан 
пісіруде ертеден бері қолданылып келеді.
Көпжылдық тарихы бар биотехнология салаларымен қатар, қазіргі 
уақытта оның гендік, жасушалық және ферменттік инженерия сияқты 
жаңа салалары қарқынды дамуда. 
Гендік­инженерия
ХХ ғасырдың соңғы 
ширегінде пайда болса да, оның жетістіктері өте зор. Қазіргі уақытта 
микроағзалардың штамдары жасалды, нәтижесінде жыл сайын адамның 
инсулин, соматотропин және басқа гормондары шығарылады. Гендік ин-
женерия әдістері арқылы колорадо қоңызы жемейтін картоптың жаңа 
сұрыбы шығарылды. Адамның тұқым қуалайтын ауруларын емдеуде та-
бысты нәтижелерге қол жеткізді. 
2003 жылы Оңтүстік-Батыс ғылыми-зерттеу орталығында биотех-
нологиялық әдістерді қолдану Пахтакор картобының жоғары өнімді сор-
тын алуға мүмкіндік берді. 
Жануарлар селекциясында жаңа әдістер негізінен жоғары өнімді, 
ерекше құнды асыл тұқымды жануар лардың спермалары мен эмбрионда-
рын 
крио­консервациялау
(сұйық азотта өте төмен температурада мұздату) 
қолға алынды. Сонымен қатар жасушалық және ұлпалық себінділер 
қолданылады, яғни жануар лар жасушалары мен ұлпаларының белгілі 
бір типтерін өсіріп, оларды пайдаланады. 
Биотехнология,­гендік­инженерия,­криоконсервация.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет