А. Соловьева, Б. Ибраимова


8-бөлім. қОзғАлыС. БиОФизиКА



Pdf көрінісі
бет154/361
Дата07.02.2022
өлшемі5,3 Mb.
#93076
түріОқулық
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   361
Байланысты:
8 сынып биология окулык.pdf

129
8-бөлім. қОзғАлыС. БиОФизиКА
§31. Адам қаңқасының құрылысы. Тірек-қимыл 
жүйесінің рөлі мен қызметі 
Тірек-қимыл жүйесінің қызметтерін сипаттау
Сүйек, сіңір, шеміршек ұлпаның қандай түрлерінен тұрады? Қан жасушалары 
қандай мүшеде түзіледі?
Тірек-қимыл жүйесінің маңызы. 
Тірек-қимыл жүйесіне сүйек пен 
бұлшық ет жатады (8-сызба). 
8 - с ы з б а
Тiрек-қимыл жүйесi (ТқЖ)
Қаңқа сүйектерi 
Қаңқа бұлшық еттерi
Атқаратын­қызметтерi:
1. Қан түзеді
1. Қимыл-қозғалысты қамтамасыз етедi
2. Тiрек
2. Iшкi мүшелердi қорғайды
3. Қорғаныш
Сүйектер буын және шеміршек арқылы бір-бірімен бай ланысып, 
адам 
қаңқасын
құрайды (9-сызба). Ол дененің тірек қызме тін атқа рады. 
Қаңқа сүйектеріне 
бұлшық еттер
бекиді. Бұл – тірек-қимыл жүйесінің 
белсенді бөлігі. Дене қозғалысы қаңқа бұлшық еттерінің жиы рылуы 
есебінен жүзеге асады. Қаңқа бұлшық еттері жеке топтарының жиыры-
луы нәтижесінде жеке сүйектер және бүкіл дене қозғалады. 
Тірек қызметінен басқа қаңқа сүйектері ішкі мүшелерді механикалық 
зақымданудан қорғайды. Мысалы, ми бір-бірімен берік байланысқан 
бас сүйектері арқылы қорғалған. Кеуде қуысының сүйектері жүрек пен 
өкпені қорғайды. 
Сүйектің кемікті затын толтырып тұратын қы зыл кемігінде қан 
жасушалары түзіледі. Сүйектің құрамында минералды заттар (фосфор, 
кальций) көп болғандықтан, олар зат алмасуға қатысады. 
Адам қаңқасы. 
Ересек адам қаңқасының құрамында 200-ден астам 
сүйек болады. Сүйектер бір-бірінен пішіні мен құрылысы бойынша 
9–3459


130
ерекшеленеді (10-сызба). Құрылысы бойынша сүйектің екі түрін ажы-
ратады: түтік тәрізді және жалпақ. 
Түтік­ тәрізді­ сүйектерді
ұзын 
(тоқпан, сан, білек) және қысқа (саусақ сүйектері (фаланга) деп бөледі. 
Балаларда түтік тәрізді сүйек тердің қуысы сүйектің қызыл кемігіне 
толы болады, адамның жасы ұлғая келе сары (май ұлпасымен) кемікпен 
алмасады.
Жалпақ­ сүйектердің
ұзындығы мен жуандығы әртүрлі болады. 
Оларға жауырын, бас сүйек, төс, жамбас сүйектері жатады. 
9 - с ы з б а 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет