136
Сүйекұлпасы,кеміктізат,сүйекқап,шеміршекұлпасы,осте-
областар,остеон,оссеин,коллаген.
Білу және түсіну
:
1. Адам ағзасына оссеин нәруызы не үшін керек екенін түсіндіріңдер.
Жас өскен сайын оның мөлшері қалай өзгереді?
2. Сүйектің қандай жасушалары шеміршек ұлпасын жоятынын және ол
не үшін керек екенін сипаттаңдар.
3. Неше жаста дене толық сүйектенетінін және себебін түсіндіріңдер.
қолданылуы
:
1. Сүйек жүйкелері мен қан тамырларының қызметін сипаттаңдар. Олар
қайда орналасқан және не үшін керек?
2. Остеон цилиндрлері арасында орналасқан зат неден тұрады? Олар
қандай қызмет атқарады?
Талдау
:
1. Сүйек жасушалары тыныс алатынын дәлелдеңдер. Оны жүзеге асыруға
қандай құрылымдар мүмкіндік береді?
2. «Остеон жүйесі» деген сызба сызыңдар. Ол неден тұраты нын жазыңдар.
3. Түтік тәрізді сүйек пен жалпақ сүйектердің ұзынынан және жуандап
өсу үдерісін талдаңдар.
Синтез
:
1. Жалпы сипаттама беріңдер: сүйектің
қалпына келуіне және өсуіне
қатысатын зат қалай аталады?
2. Түтік тәрізді сүйек пен жалпақ сүйектердің қандай айырмашылығы
бар екенін атаңдар.
Бағалау
:
1. Өз пікірлеріңді айтыңдар: 7 жастан үлкен
балаларды неге балет
мектебіне алмайды?
2. «Филогенез және онтогенездегі адам қаңқасының эволюциясы» деген
тақырыпқа реферат жазыңдар.
№9 зертханалық жұмыс.
Сүйектің макро- және микроско пиялық құры-
лысы. «Сүйектің химиялық құрамын» көрнекі көрсететін тәжірибе.
254-бетті қара.