24 3. Нәруыздардың шексіз алуан түрлі болу себебі туралы өз пікірлеріңді
айтыңдар.
Синтез: 1. Әртүрлі ағзалардағы нәруыздардың түрлі қызметін критерий бойын-
ша жүйелеңдер.
2. Нәруыздардың сигнал беру, жылу оқшаулау және т.б. қызметі туралы
эссе жазыңдар.
Бағалау: 1. «ДНҚ белгілі бір уақытта, белгілі бір жағдайда, белгілі бір ферменттерді
түзу арқылы жасуша тіршілігін басқарады» деген пікірді бағалаңдар.
2. Неліктен микроскопиялық жасушаларда бір мезгілде жүздеген, тіпті
мыңдаған алуан түрлі химиялық реакциялар жүрсе де, жасуша «жа-
рылып» кетпейді? Яғни осы реакция өнімдері бір-бірімен ретсіз өзара
әрекеттеспейтіні туралы өз пікірлеріңді айтыңдар.
3. Неліктен нәруыздардағы әртүрлі мономерлер – 20, ал ДНҚ молекула-
сында бар-жоғы 4-еу?
Пікірталас: Неліктен ДНҚ жасушадағы нәруыздарды анықтайды?