А. Соловьева, Б. Ибраимова


§59. Адамның табиғаттағы рөлі



Pdf көрінісі
бет288/361
Дата07.02.2022
өлшемі5,3 Mb.
#93076
түріОқулық
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   361
Байланысты:
8 сынып биология окулык.pdf

§59. Адамның табиғаттағы рөлі
Биологиялық әртүрлілікті сақтаудың және қолдауды қажеттілiктің 
себептерін негіздеу. Дүниежүзілік тұқым қорының маңызын бағалау
Атмосферада көмірқышқыл газының жинақталуынан қандай өзгеріс туын- 
дайды? МКС деген не? Озон қабаты қайда орналасқан? Қышқыл жауын 
дегеніміз не? «Жасылдар» дегеніміз кімдер? 
Адамның табиғатқа әсері үнемі артып отырады. Ол табиғатқа 
жағымды әсер етумен қатар, зиянды да әсер етеді. Қоршаған орта – ауа, 
су, топырақ тез ластанады. Атмосфераға жинақталған көмірқышқыл 
газының көп мөлшері ауаға бөлінеді. Нәтижесінде жылыжайлық әсері 
(парниковый эффект) пайда болды. Соңғы он жылда Жерде температура 
1
0
С-қа көтерілді. Бұл мұздықтар мен мәңгілік жерасты мұздықтарының 
жылдам еруіне және Дүниежүзілік мұхит суы деңгейінің көтерілуіне
себеп болуы мүмкін. 
Газдардың әсіресе фреондардың ауаға бөлінуінен озон қабаты бұзылады. 
Озон қабаты Жердегі барлық тір шілік атаулыны Күннің ультракүлгін 
сәулелерінен қорғайды. МКС пен Жер серіктерінен бақылаған кезде Аркти-
ка мен Антарктиканың үстінде озон қабатының тесіктері пайда болғанын 
көрсетті. 
Атмосфераға әртүрлі оксидтердің, бірінші кезекте күкірт және азот 
оксидтерінің көп мөлшерде бөлінуінен өсімдіктер мен жануарлардың 
тіршілігін жоятындай әсер ететін қышқыл жауын пайда болды. Олар 
көлдер, өзендер мен тоғандарды тіршіліксіз су тоғандарына айналдырды. 
Ормандардың жойылуының негізгі бір себебі – қышқыл жауын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет