В
Вакцина
– жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының әлсіздендірілген
(немесе өлтірілген) себіндісінен алынған медициналық препарат. Аурулардың
алдын алу және емдеу мақсатында қолданылады.
Варолий көпірі
– артқы мидың (сопақша ми мен ортанғы ми арасында)
құрамына кіретін ми діңінің бөлігі.
Вегетариандық
– тек өсімдіктекті немесе сүт және өсімдіктекті тағаммен
қоректену жүйесі.
Вегетативті жүйке жүйесі
– ішкі мүшелер мен жүйелердің – қан айналым,
тыныс алу, асқорыту, бөліп шығару, көбею және т.б. қызметін, зат алмасу мен
ағза ұлпасының қызметтік күйін (қозғыштық, жұмысқа қабілеттік және т.б.)
реттейтін жүйке жүйесінің бөлігі. Симпатикалық және парасимпатикалық
жүйке жүйесі болып бөлінеді.
Венулалар
– вена капиллярлары біріккен кезде түзілетін ең ұсақ веналар;
олар қосылып вена түзеді.
|