Миокард
– жүректің бұлшық етті қабаты.
Мишық
– ми бөлімі, артқы ми бөлігі.
Моноциттер
– қорғаныштық қызмет атқаратын түйіршіксіз лейкоцит
жасушалары.
Морфин
– көкнәр құрамындағы алкалоид. Медицинада ауырсынуды басатын
дәрілік зат ретінде қолданылады.
Мутациялар
– табиғи немесе жасанды түрде пайда болатын ағзаның
генетикалық материалындағы – хромосомалары мен гендеріндегі қайта құрулар
мен бұзылуы нәтижесінде тұқым қуалайтын қасиеттерінің өзгерістері.
Мутуализм
– симбионттардың бірі екіншісіне қандай да бір пайда әкелетін
симбиоздың бір түрі.
Н
Нақұрыстық
, қауқарсыздық – олигофренияның жеңіл түрі. Танымдық
үдерістердің төмен деңгейімен, негізінен, дерексіз ойлаумен, мінез-құлықты
ерікті түрде нашар бақылаумен сипатталады.
Наркоз
– сананы және ауырсыну сезімталдығын жойып, жасанды түрде терең
ұйқы тудыру.
Достарыңызбен бөлісу: |