Эмбрион – адам және жануардың ұрығы.
Эмоция – адам және жануардың ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге әсері. Эндемик, жергілікті түрлер – салыстырмалы түрде шағын аумақта таралған
өсімдіктер мен жануарлар түрлері.
Эндемия – қандай да бір аумақта белгілі бір ауру түрінің (көбінесе жұқпалы)
үнемі болуы.
Эндокард – жүректің эпителий ұлпасынан түзілген ішкі қабаты.
Эндокриндік бездер, ішкі секреция бездері – шығаратын жолы (өзегі)
279 болмайтын және олар өндіретін заттарды (гормондар) тікелей қанға немесе
лимфаға бөлетін арнайы мүшелер.
Эндокринолог – ішкі секреция бездерінің ауруларын емдейтін дәрігер.