А. Соловьева, Б. Ибраимова


ұлпа  немесе жасушааралық сұйықтық



Pdf көрінісі
бет82/361
Дата07.02.2022
өлшемі5,3 Mb.
#93076
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   361
Байланысты:
8 сынып биология окулык.pdf

ұлпа 
немесе жасушааралық сұйықтық
«делдал» рөлін атқарады. Ол барлық 
ұлпалар (сүйек ұлпасынан басқа) мен мүшелерде болады, жасушалар 
арасындағы қуысты толтырады. Сұйықтық түссіз және мөлдір болады. 
Оның мөлшері шамамен 15–20 л. Жасушааралық сұйықтықтың өзі қан 
капиллярларының жұқа қабырғасы арқылы өтетін қан плазмасынан 
түзіледі. Қоректік заттар мен оттек қан капиллярларының қабырғасы 
арқылы өтіп, алдымен жасушааралық сұйықтыққа, сосын ағза жасуша-
ларына түседі. Көмірқышқыл газы мен зиянды заттар жасушааралық 
сұйықтық арқылы өтіп, ағза жасушаларынан қанға өтеді. 
Ұлпа сұйықтығы қан құрамы өзгерген 
кезде дене жа сушаларының химиялық 
құрамының салыстырмалы тұрақ тылығын 
қамтамасыз етеді. Ұлпа сұйықтығы лим-
фа ка пиллярларына сіңіріліп, лимфаға 
айналады. 
Лимфа
(лат. лимфа – ылғал) – сұйық 
дәнекер ұлпасы. Ол мөлдір, бірақ сарғыш 
түсті. лимфа адамның лимфа түйіндері 
арқылы ағатын лимфа тамырларында бола-
ды (43, 44, 46-суреттер). Ол да қан сияқты 
үнемі қозғалыста болады, бірақ лимфа 
едәуір баяу ағады. Себебі, қанның қозғалысы 
жүректің жиырылуы арқылы, ал лимфа 
қаңқа бұлшық еттерінің жиырылуы және 
өкпедегі төмен қысымға байланысты. 
лимфа ұлпа сұйықтығынан түзіледі. 
Өйткені ең ұсақ лимфа капиллярларының 
өзі тесігі бар қапшықпен аяқ та лады. 
Осы капилляр қапшықтары жиырыла-
ды да, жа су шааралық сұйықтық лимфа 
капилляр лары ішіндегі тесік арқылы со-
рылады. Осы кезден бастап ол 
лимфа
деп 
аталады. Тәулігіне 1,5 л лимфа түзіледі. 
43-сурет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет