А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет103/361
Дата07.02.2022
өлшемі5,3 Mb.
#93076
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   361
Байланысты:
8 сынып биология окулык.pdf

90
Æасанды иммунитет
медициналық препараттар: 
емдік­сарысу
неме-
се 
вакцина­енгізген­соң­пайда­болады.­Вакцина
– бұл тіршілігі жойылған 
немесе әлсіздендірілген ауру қоздырғышы, не оның уы. Вакцина енгізген 
соң иммундық жасушалар осы қоздырушыларға қарсы антиденелер жа-
сай бастайды. Яғни ағза жеңіл формада аурумен ауырады. Содан кейін 
белсенді­жасанды­иммунитет
пайда болады. Осы иммунитет механизмі 
табиғи­жүре­пайда­болған­иммунитет
механизміне ұқсайды. Ағзаның 
өзі антидене синтездейді де, екпе жасалған сол ауру қоздырушыларына 
қарсы тұрақты иммунитет пайда болады. 
Жасанды­ енжар­ иммунитет­ емдік­ сарысу
енгізген соң пайда бо-
лады. Бұл дайын антиденелер. Мұндай шара егер адам ауру болса не 
ауру жұқтыру ықтималдылығы жоғары аймаққа жіберілгенде жасала-
ды. Сарысу антиденелері аз уақыт әсер етеді, сондықтан осындай им-
мунитет 
енжар­ иммунитет
деп аталады. Сарысуды ауырған адамның 
немесе қандай да бір ауру қоздырушылары арнайы жұқтырылған жа-
нуар қанынан алады. 
А
ғзаға емдік сарысу енгізу оның иммундық жүйесі 
антиденелер жасағанға дейін аурумен күресуге көмектеседі. 
Емдік сарысу мен вакцинаның рөлі өте зор. Осындай ашылуға байла-
нысты адамзат әртүрлі жұқпаларға қарсы күресе алатын болды.
Жасанды­және­табиғи­иммунитет,­туа­біткен­және­жүре­пай-
да­болған­иммунитет,­сарысу,­аурудың­алдын­алатын­вакци-
налар.­


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет