Тыныс алу қозғалыстарының саны және 1 минуттағы көлемі. Жаңа
туған нәресте 1 минутта 60, ал ересек адам қалыпты жағдайда – 16–18 рет
тыныс алу қозғалыстарын жасайды. Тыныс алу қозғалыстарының саны мен тынысалукөлемін ескеріп, 1 минуттағы тыныс алу көлемін есеп-
теуге болады. Мысалы, тыныс алу көлемі 400 см
3
адам 1 минутта 20 ты-
ныс алу қозғалысын жасаса, оның 1 минуттағы тыныс алу қозғалыстары
8 000 см
3
(20
´
400 см
3
= 8000 см
3
) болады
.
Тыныс алу мүшелері және темекі шегу. Никотин қан тамырларының
тарылуына себепші болады және тыныс алу мүшелеріне көп зиян келтіреді.
Темекі түтінінен тыныс алу жолдары қабынады. Оның құрамындағы
қарамай мен күйе өкпенің ұсақ альвеолалары мен бронхыларының ар-
насын бекітіп тастайды. Альвеола қабырғасының құрамы өзгереді. Олар
эластикалық қасиетін жояды және жеткілікті мөлшерде созылмайтын
болады. Нәтижесінде өкпе жұмысының басқа да көрсеткіштері сияқты
ӨТС азаяды. Өкпе ағзаны оттекпен толық қамтамасыз етпегендіктен, газ
алмасу бұзылады.
Темекі түтінінде қанға енетін улы заттар ғана емес, бүкіл ағзаны улай-
тын заттар (никотин) бар. Сонымен қатар темекі түтінінде жасушалардың
онкологиялық өзгерістерін тудыратын радиоактивті элементтер мен бен-
зопирен болады. Темекі шегу салдарынан өкпе обыры сияқты ауру пайда
болады.
Қанда еріген кезде никотин бүкіл ағзаны улайды. Темекі түтінінен
қанға енетін заттар, негізінен, денсаулық және иммунитет үшін маңызды
С дәруменін бұзады.
Тыныс алу көлемі, спирометр, қордағы көлем, қалдық көлем, 1минуттағытынысалукөлемі.