Тыныс алу қызметі
–
тері оттекті сіңіріп, көмірқышқыл газын бөліп
шығарады (тері арқылы тыныс алу). Бірақ адамда бұл қызмет тыныс
алудың тек 5%-ын жүзеге асырады. Адам ағзасы өкпемен тыныс алған
кезде ғана қалыпты тіршілік ете алады.
Терінің сезімталдылығы
онда орналасқан сезімтал жасушалармен
және жүйке ұштары –
рецепторлармен
байланыс ты.
Тері тіршілік үшін қажет
D дәруменін
өндіреді.
Күн сәу ле сінің
әсерінен
Dдәруменінің
синтезі жүзеге асады. Оған құрамында меланин
бар эпидермистің тірі жасушалары жауап береді.
Қор жинау қызметі
– қоректік заттарды жинау терінің үшінші
қабатында – май жасұнығында жүзеге асырылады. Бұл жерде ағзаның
май, дәнекер ұлпасының жасушалары түрінде энергетикалық қор
сақталады.
Эпидермис, терінің мүйізді қабаты, меланин, дерма, теріасты
майжасұнығы,амортизатор,жылуоқшаулағыш,қоректікзат-
тарқоры;қызметтері:қорғаныш,термореттелу,бөліпшығару,
тынысалу,терініңсезімталдылығы;рецептор,Dдәрумені.
Білу және түсіну
:
1. үнемі қабыршақтанып, жаңарып отыратын тері қабатын атаңдар.
2. Неліктен
D
дәрумені «Тері» тақырыбында қарасты рыла ты нын
түсіндіріңдер. Оны өндіруге қатысатын затты атаң дар.
3. Эпидермистің қандай қабатынан тері туындылары және қандай даму
кезеңінде түзілетінін түсіндіріңдер.
4. Терінің мүйізді қабатының майлануына жауапты құрылымдарды
атаңдар.
қолданылуы
:
1. Тер бездерінің қызметін атаңдар. Тер арқылы қандай заттар
шығарылады? Олар қандай органикалық заттардың ыдырау өнімдері
болып табылады?
125
2. Дерманы түзетін құрылымдарды атаңдар.
Талдау
:
1. Дермада қан тамырлары мен лимфа тамырлары неліктен көп
орналасқаны туралы пікірлеріңді айтыңдар.
2. Затты ұстаған кезде оның қатты немесе жұмсақ, жылы немесе суық
екенін сеземіз. Осы үдерісті талдаңдар. Соған жауапты құрылымдарды
сипаттаңдар.
Синтез
:
1. Тер бездерінің рөлін бағалаңдар.
2. Жетіспейтін элементтерді жазып, кестені толтырыңдар. үдерісті
талдаңдар. Осыған жауап беретін құрылымды сипаттаңдар.
Тері қабаты
Элементтер
Қызметі
Мүйізденген өлі жасушалар
Тірі жасушалар
Меланин
Капиллярлар
Тығыз талшықтар
Бұлшық ет талшықтары
Рецепторлар
Май бездері
Тер бездері
Май жасушалары
Бағалау
:
1. «Төбе шашы тік тұрды», «Денем тітіркеніп кетті» деген сөзде қандай
талшықтар туралы айтылған? Олар қандай қабатта орналасқан?
Бағалаңдар.
2. Адам терісінің қандай қызметінсіз өмір сүре алмайды? Ал қандай
қызметінсіз өмір сүре алады? Мысалдар келтіріп, бағалаңдар.
126
Достарыңызбен бөлісу: |