А. Соловьева, Б. Ибраимова


§35. Бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қызметі



Pdf көрінісі
бет169/361
Дата07.02.2022
өлшемі5,3 Mb.
#93076
түріОқулық
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   361
Байланысты:
8 сынып биология окулык.pdf

§35. Бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қызметі.
Адам денесінің бұлшық еттерін жіктеу 
Бұлшық ет ұлпасының түрлері мен қызметтерін сипаттау. Адам бұлшық 
еттерінің топтарын және талшықтарының құрылысын зерттеу
Адамның бұлшық ет ұлпасы туралы не білесіңдер? Барлық қуыс ішкі 
мүшелердің екінші қабаты неден түзілген? Миокард дегеніміз не?
Бұлшық еттің маңызы. 
Бұлшық­ ет
– әртүрлі қозғалысқа жауап 
беретін тірек-қимыл жүйесінің бөлімі. Адам ағзасында 600-ден астам 
бұлшық ет бар. Дененің тепе-теңдігін бұлшық еттер қамтамасыз етеді. 
Көкет­
(төс және құрсақ қуысын бөліп тұрады) және қабырғааралық 
бұлшық еттер тыныс алу үдерістеріне қатысады. Жұту, дыбыс түзілу, көз 
алмасының қимылдауы, қозғалу белсенділігінің барлық типтері бұлшық 
еттер арқылы жүзеге асады. Қаңқамен бірге бұлшық еттер ағзаға пішін 
береді, дененің кеңістіктегі тік қалпын қамтамасыз етеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет