§46. Тірі ағзалардың көбею түрлері Жануарлардың көбею тәсілдерін салыстыру
Жыныстық және жыныссыз көбеюдің бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар? Өсімдіктердің вегетативті көбеюінің ерекшелігі неде? Жануарларда да осындай құбылыс болуы мүмкін бе? Жынысты көбеюде жабықтұқымды өсімдіктердің басты мүшесі қандай? Партеногенез деген не? Ол қандай өсімдіктерде жүреді? Көбею – жалпы тірі ағзаларға тән қасиет. Тіршілік иелері әртүрлі
жолмен көбейеді. Оларды екі түрлі топқа біріктіреді: жыныстық және
жыныссыз көбею. Көбеюдің ертерек пайда болған түрі – жыныссыз
көбею. Ең алғашқы біржасушалы ағзалар – бактериялар (прокариоттар)
жыныссыз жолмен көбейген. Жыныссыз көбейгенде жыныс жасушала-
ры – гаметалар түзілмейді.
Жыныстық жолмен көбейгенде гаплоидты хромосомалы гамета-
лар түзіледі. Бұл жыныс жасушалары ұрықтану үдерісіне қатысады.
Табиғатта партеногенез және өздігінен ұрықтану сияқты көбеюдің ерек-
ше түрлері де кездеседі.