А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет289/361
Дата07.02.2022
өлшемі5,3 Mb.
#93076
түріОқулық
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   361
Байланысты:
8 сынып биология окулык.pdf

Биологиялық көптүрлілік
белгілі бір аймақта тіршілік ететін 
өсімдіктер, жануарлар және т.б. ағзалардың түр санын көрсетеді. Жер 
жырту, ормандарды жою, қалалар мен қолдан жасалған экожүйелердің 
санының өсуі өсімдіктер мен жануарлардың табиғи тіршілік орталарын 
қысқартады.
Бұдан басқа соңғы 150 жылдың ішінде адамзат жануарлардың көп 
түрін жойып жіберді. Олар: Пржевальск жылқысы, тарпаң, су сиыры, 
америкалық кептер және т.б. көптеген түрлер. 
Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша табиғатта кез келген ағзалар-
дың түрлері бір-ақ рет пайда болады. Егер бір түр жойылып кететін болса, 


240
ол қайта қалпына келмейді. Сондықтан өсімдіктер мен жануарлар дүние-
сін сақтау әрбір адамның міндеті болып табылады. Дүниежүзінің көптеген 
мемлекеттерін алаңдатқан бұл мәселе 
Биологиялық­ алуантүрлілік­­
туралы­ Конвенцияның
(Рио-де-Жанейро, 1992 ж.) жасалуына түрткі 
болды. Әр түр біздің экожүйенің бір бөлшегі болып табылады. Бір түрдің 
жойылуы сол түрмен байланысты екінші бір түр санын қысқартып, 
экожүйедегі тұрақтылыққа әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет