А. Соловьева, Б. Ибраимова


3-бөлім. ТіРі АғзАлАРДың КөПТүРлілігі



Pdf көрінісі
бет19/252
Дата24.10.2023
өлшемі5,1 Mb.
#188074
түріКнига
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   252
Байланысты:
Биология 《8》

25
3-бөлім. ТіРі АғзАлАРДың КөПТүРлілігі
 
§6. өсімдік бөлімдерінің ерекше белгілері
Балдырлар, мүктер, қырықжапырақтәрізділер, ашық және 
жабықтұқымдылар мысалында өсімдіктердің 
ерекшеліктерін сипаттау
Өсім дік терге қандай жүйелеу санаттары тән екенін естеріңе түсіріңдер. 
Олардың қайсысы жануарларды жүйелеу санаттарынан ерек шеленеді? 
Жүйелеу санаты туралы не айта аласыңдар? Жоғары және төменгі сатыға 
жататын өсімдіктердің бір-бірінен айырмашылығы неде? 
Жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктер. 
Өсімдіктер эволюция 
барысында мұхитта тіршілік еткен біржасушалы талшықты эукариот-
тардан пайда болған. Қарапайым өсімдіктер – біржасушалы талшықты 
жасыл балдырлар осы күнге дейін тіршілік етуде. Осындай ағзалардан 
біртіндеп қазіргі су ортасында тіршілік ететін вольвокс сияқты, 
сондай-ақ көпжасушалы жасыл, қоңыр, қызыл балдырлар пайда болды 
(17-сурет). Барлық балдырлар төменгі сатыдағы өсімдіктерге жатады, 
өйткені олардың денесі бірдей жасушалардан тұрады. Олар ұлпалар мен 
мүшелерге бөлінбегендіктен, таллом немесе қабат деп аталады. 
Балдырлардан басқа өсімдіктер жоғары сатыдағы өсімдіктерге жата-
ды. Әртүрлі – ауа және топырақ ортасын да тіршілік ету оларда мүшелер 
мен ұлпалардың қа лып тасуына әкелді. Жоғары сатыдағы өсімдіктерге 
мүктә різділер, қырықжапырақтәрізділер, ашықтұқымдылар мен жабық-
тұқым дылар жатады.
17-сурет.
 Балдырлардың көптүрлілігі: 
1 – хламидомонада; 2 – диатом балдыр; 
3 – хлорелла; 4 – вольвокс; 5 – улотрикc; 6 – cпирогира
1
2
3
4
6
5
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет