275
Симпатикалық жүйке
– вегетативті жүйке жүйесінің бір бөлімі.
Синапс
– жүйке жасушаларының бір-бірімен түйіскен жері.
Симптом
– қандай да бір аурудың белгісі.
Систола
– қан артерияға айдалатын жүрекшелер
мен қарыншалардың
жиырылуы.
Диастоломен
бірге
жүрек қызметінің циклін құрайды.
Склера, ақ қабық
– тірек және қорғаныш қызметін атқаратын көздің сыртқы
тығыз қабығы.
Сколиоз
– омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай қисаюы.
Соқыр дақ
– көру жүйкесінің көздің торлы қабығынан шығатын орны, оның
түбінде орналасқан.
Соңғы ми
, үлкен ми – үлкен ми сыңарларын түзетін мидың ең ірі және басты
бөлімі; мидың басқа бөлімдерінің және жұлынның
қызметін басқаратын ОЖЖ-
нің жоғары бөлімі.
Стоматит
– ауыз қуысының шырышты қабықшасының қабынуы.
Стресс, күйзеліс
– күшті әсер етуден пайда болатын күй, күш.
Достарыңызбен бөлісу: