173
түседі. Күйзелісті жағдайда адреналиннің бөлінуі артады. Ол қанда қант
мөлшерін арттырып, жүректің жиырылу ырғағын жиілетеді және бұлшық
еттердің жұмыс істеу қабілетін күшейтеді. Көру өткірлігін арттыру үшін
көз қарашығын үлкейтеді. Бауыр ағзаны мол энергиямен қамтамасыз ету
үшін қордағы глюкозаны бөледі. Жарақат алған кезде қан тамырларды
тарылтып, қанның ұю жылдамдығын тездетеді. Дәрігерлер кейде жүрегі
тоқтап қалған адамның жүрегіне қайта соғуы үшін адреналин егеді.
Басқа күтпеген ауыр жағдайда бүйрекүсті бездері
нарадреналин
бөледі. Бұл гормондар барлық омыртқалыларда негізінен жылықан-
дыларда секреттеледі.
Ұйқы безінің
қызметін гипофиз безінің гормондары басқара ал-
майды. Ол
гипофиз қызметіне тәуелсіз.
Оның гормондары қанның
құрамындағы қанттың мөлшеріне байланысты бөлінеді. Егер гормон көп
бөлінсе, ағза өздігінен уланады. Ал шектен тыс аз мөлшерде бөлінетін
болса, ағзада энергия жетіспеушілік байқалады. Осыған байланысты
ең алдымен мидың, содан соң ағзаның басқа да мүшелерінің қызметі
бұзылады.
Біз тәтті тамақты көп жесек немесе бірнеше күн аш жүрсек те қанның
құрамындағы глюкозаның мөлшері тұрақты –
0,1–0,12% болады. Оған
ұйқы безінің гормондары жауапты. Тәтті тамақ жегенде
инсулин
гормо-
ны бөлінеді. Ол қанның құрамындағы глюкозаны бұлшық ет пен бауырда
қорға жиналатын, ерімейтін
гликогенге
айналдырып, қанттың мөлшерін
төмендетеді.
98-сурет.
Достарыңызбен бөлісу: