А. Соловьева, Б. Ибраимова


Популяция көрсеткіштері және сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет191/252
Дата24.10.2023
өлшемі5,1 Mb.
#188074
түріКнига
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   252
Байланысты:
Биология 《8》

Популяция көрсеткіштері және сипаттамасы.
Популя цияның негізгі 
көрсеткіші – оның саны – олардағы даралар саны. Олардың саны ірі 
жыртқыштар популяциясында бірнешеден, ал бактериялар немесе 
жәндіктер популяциясында миллионға дейін болады.
Популяция­ тығыздығы­
бір аумақта қанша дара орналасатынын 
көрсетеді. Бұл көрсеткіште популяция алатын аумақ пен оның құрамына 
кіретін ағзалардың саны арасындағы арақатынас көрсетіледі. Тығыздық 
аудан бірлігіндегі даралар санымен немесе су және топырақ экожүйесі 
үшін көлеммен өлшенеді. 
Туу
– уақыт бірлігіндегі, мысалы, бір жылдағы популяцияда туған 
дара санын көрсетеді. 
Өлім-жітім
– уақыт бірлігіндегі, мысалы, бір жылдағы популяцияда 
тіршілігін жойған дара санын көрсетеді. 
Өсім­
– уақыт бірлігіндегі туу және өлім арасындағы айырмашылық. 
Егер өсім теріс болса, демек, популяция жо йылу жағдайында тұр, саны 
қысқарып бара жатқан немесе жойылып бара жатқан популяция болып 
табылады. 
Өсім­қарқыны­
– уақыт бірлігіндегі өсім. 
Жастық­ құрамы­
– осы популяциядағы әртүрлі жастағы даралар 
арасындағы қатынас. Бұл да популяция күйін көр сететін маңызды 
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


225
көрсеткіш. Егер онда жас әрі ересек дара лар басым болса, популяция 
тұрақты болады. Ал қартайып бара жатқан және қартайған даралар ба-
сым болса, популяция қысқара бастайды. 
Жыныстық­құрамы­
– популяциядағы жыныстық жа ғынан жетілген 
аталық және аналық арасындағы қатынас. Бұл – популяция жағдайын 
жанама көрсететін тағы бір көрсеткіш. Дұрысы дара жынысты еркін 
шағылысатын популяцияда аналық (самка) саны аталық (самец) саны-
нан едәуір артық болуы керек. Бірақ біте, дафния, комод кесірт келерінің 
және т.б. партеногенетикалық ұрпақтары болатыны белгілі. 
Популяция­ генофонды­
немесе оның 
генетикалық­ құры­лымы­
– 
популяциядағы даралар ие барлық геннің, олар дың түр өзгерістерінің 
жиынтығы. Генофонд эволюция барысында тірі ағзалардың кез келген 
тобы ұмтылатын нәтиже болып табылады. Себебі, популяцияда «пайда-
лы гендер» неғұрлым көп болса, олардың тірі қалу мүм кіндігі соғұрлым 
жоғары – 
эволюциялық­ жетістік.­
Осы жағдайда пайдалы белгілердің 
пайда болуын қамтамасыз ететін гендер мен олардың формалары – 
ал-
лельдер
ағзалардың едәуір бейімделуіне мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет