Резус-фактор. Қан тобынан басқа эритроцит нәруызын –
резус-фак- торды (Rh) ескеру керек. Еуропалықтардың 85%-ында, монғолоидтардың
99%-ында резус-фактор бар. Мұндай адамдарды
оң резусты деп атайды
. Қалған адамдарда бұл нәруыз жоқ, оларды
теріс резусты деп атайды.
Заманауи медицинада қан құю кезінде кері салдарын төмендету үшін
қан тобын ғана емес, резус-факторды да ескереді.
Бірақ қан құю – резус-фактор нәруызына байланысты бірден-бір
мәселе емес. Егер анасының резус-факторы жоқ болса, ал бала қанында
болса,
резус-сәйкессіздік дамуы мүмкін. Бұндай жағдайда жүктілік
кезінде анасының антиденесі эмбрион эритроциттерімен «күресе» бастай-
ды. Бірақ бірінші жүктілік кезінде балаға зиян келтіретін антиденелердің
саны жеткілікті болмайды. Антиденелер соның ішінде В-лимфоциттер
(есте сақтау жасушалары) түрінде де ана ағзасында сақталады. Егер
екінші жүктілік кезінде бала резусы тағы да оң, ал анасының резусы
теріс болса, онда жаңа туған нәрестеде қауіпті құбылыс –
гемолиздік сарыауру дамуы мүмкін. Бұл жағдайда эмбрион эритроциттерінің едәуір
бөлігі ана ағзасының антиденелері арқылы бұзылады. Бірақ жүктіліктің
соңына қарай антиденелердің жеткілікті мөлшері жинақталады. Резус-
сәйкессіздіктің алдын алудың жолы бар. Заманауи медицина резусы теріс
әйелдердің жүктілігін барынша қауіпсіз жасайтын бірқатар ұсыныстар
береді. Көп жағдайда резус-конфликтің алдын алуға болжам жасап қана
қоймай, оны болдырмауға да қол жеткізуге болады.
5 - с ы з б а
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217