56
сілекей бездері болады. Адамда тәулігіне 1,5–2 л сілекей бөлінеді.
Сілекей әсерінен көмірсулар (крахмал) глюкозаға дейін ыдырайды және
құрамында зиянды бактерияларды жоятын заттар болады. Сонымен
қатар сілекейде шырыш (слизь) бар. Ол тамақтың оңай жұтылуына және
дәмін анықтауға көмектеседі. Себебі тілдің дәм сезу рецепторлары қатты
заттардың дәмін анықтай алмайды, тек еріген заттың дәмін анықтайды.
Бауыр
– ағзадағы ең ірі без. Ол өт бөліп шығарады. Өт тамақ
құрамындағы майды қорытуға қатысады, ішектің жиырылуын күшейтеді,
ұйқы безі заттарының белсенділігін арттырады. Бауыр асқорытумен
қатар, асқазаннан, ішектен, көкбауыр мен ұйқы безінен келетін қанды
тазартады. Қан бауырда сүзіледі және зарарсыздандырылады. Бауыр да
кө мірсулардың артық мөлшері гликоген түрінде қорға жинақ талады.
Ұйқы безі
– аралас секреция бездері. Ол қанға
инсулин
(қандағы
қанттың төмендеуі, глюкозаның гликогенге айналуы) және
глюкагон
(кері реакция, қандағы глюкоза деңгейінің артуы) гормондарын бөліп
шығарады. Ұйқы безінің асқорыту сөлін
панкреатин
деп атайды. Оның
басты рөлі майларды глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдырату.
Бірақ бұл бауыр өті қатыспаса жүзеге аспайды. Сонымен қатар ұйқы безі
сөлінің құрамында қорытылатын нәруыздар, көмірсулар болады.
Достарыңызбен бөлісу: